ПОӘК 14 07 20. 01/03-2013 03. 09. 2013 ж. №1 басылым



бет3/54
Дата15.09.2017
өлшемі4,87 Mb.
#32890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Анықтама. Алгоритм (Тьюринг бойынша) – қойылған есепті шешуге келтірілетін Тьюринг машинасына құрылған программа.

Тьюринг машинасы мен тезисі болашақта да қолданылады, себебі кез келген проблема шешілмейді деп айтуға болмайды, шешілмейтін есеп болмауы керек, оны қандай да бір шешілетін түрге келтіру керек, соған орайластырылған алгоритм құрастыру керек.

Машинаның белгілі бір процесті орындауының өзі алгоритмдік процесс болып табылады. Сондықтан алгоритмге қойылатын талаптар мен қасиеттер оны орындайтын машинаға да қойылады:


  1. Машинаның жұмысы дискретті, бірінен кейін бірі орындалатын жеке – жеке командалармен орындалуы керек.

  2. Әрекеттер детерминделген , яғни қадамдар қатаң реттелген , ал олардың нәтижесі алдыңғы қадамда алынған нәтижелермен тікелей байланысты болуы керек.

  3. Жұмыс алдында алғашқы берілгендер алгоритмнің анықталу облысынан алынуы керек.

  4. Саны санаулы қадамдарды орындаудан соң нәтиже алынуы керек.

  5. Машина универсалды , жан – жақты болуы керек, оның көмегімен кез – келген алгоритмді орындайтын болуы керек.

Сипатталған машинаның құрылғылары немесе структурасы қарапайым болса және орындалатын қадамдар элементарлы болса, алгоритмнің орындалуы машинаның жұмыс істеуі деп есептеуге болады .

Машинаның орындайтын қадамдары элементарлы болуы үшін белгілі бір алфавит арқылы ақпаратты алмастыру керек. Сондықтан алгоритм – кез– келген ақырлы алфавиттен берілгендерді немесе ақпаратты алмастыру



Ережелерінің ақырлы кез келген жүйесі.

Алгоритмнің анықталу облысынан алынған бастапқы берілгендер А аофавиті және ақырлы {}таңбалар тізбегін құрасын, мұндай тізбекті сөз дейді. Алгоритмді орындау барысында жаңа сөз құрылады {}, олар В алфавитін құрайды. Бұл алмастыруды жүргізу үшін келесі қадамдар орындалады:

  1. Бастапқы сөзінің бір сөзін В алфавитінен таңбасымен алмастыру.

  2. Бастапқы сөздің таңбасын өшіру.

  3. В алфавитінен бір таңбаны бастапқы сөзге қосу.

Егер алфавитке «бос таңба» деп аталатын таңба қосылса, оны сөзге оң жағынан да сол жағынан да қоссақ та сөз өзгермейді, яғни 1) операция бос таңбаны алмастыру болады. Сонда 2) – 3) – операцияларды орындасақ та, бәрібір 1) – қадамда тағы сол алдыңғы қадам қалады. Сондықтан абстрактылы машина әр символды зерттейді, сосын шексіз лентаға – жадыға сақтайды, егер символ бос болмаса оны басқа таңбамен алмастырады да жаңа қалыпта тұрады.

Бұл машина туралы теорияны Алан Тьюринг (1936-1937), Эмиль Пост сияқты ғалымдар ұсынған. Осы принципке сәйкестелген есептеу машиналары 8-9 жылдан кейін пайда болған.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет