ПОӘК «Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет8/11
Дата24.04.2017
өлшемі2,05 Mb.
#14952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  2. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері.

  3. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері.

  4. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі.

  5. Банктік лицензия түсінігі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15

3.4. тақырып. Коммерциялық банктердің активті және пассивті, комиссиондық-делдалдық операциялары

1. Банктердің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы.

2. Пассивті операциялар.

3. Банктердің өз қаражатын құру әдістері.

4. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.

5. Банктердің активті операциялары. Несиелік операциялар

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекете уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны әкономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығаның экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаршылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету.

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:


  • уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);

  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);

  • қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;

  • инвестициялық қызметті;

  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

1) Банктің пассивтік операциялары

Пассивтік операциялар негізіндебанктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары», - делінеді.

Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретің операциларды сипаттайды.

Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. Пассивтік операциялардың көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:



  • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;

  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;

  • депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тарту мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құралады.

Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:



  • банктің меншікті қаражаттары;

  • банктің тартылған қаражаттарығ.

Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшкліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтіледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мқлшерде шекарасы болады.

Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті құражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен меншікті қаражаты – бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

Банктің меншікті қаражаттары-банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

Банктің меншікті қаражатына жататындар:



  • банктің жарғылық капиталы;

  • банктің резервтік капиталы;

  • қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;

  • сақтандыру резервтері;

  • бөлінбеген пайдасы.

Банктердің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы. Пассивті операциялар. Банктердің өз қаражатын құру әдістері. Банктердің меншікті капиталы мен тартылған қаражаттарының құрылымы. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.

Банктердің активті операциялары. Несиелік операциялар. «Несиелік желі» түсінігі, қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке ала отырып, берілетін ссудалар. Вексель және басқа бағалы қағаздармен жасалатын операциялар. Инвестициялық, факторингтік, лизингтік, консорциялдық операциялар. Банктердің комиссиондық-делдалдық және сенім (траст) операциялары.

Банктік тәуекелдер түсінігі және түрлері.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Банктік мекемелердің түрлері.

  2. Эмиссиялық банктер және оларды ұйымдастырудың құқықтық формалары.

  3. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер.

  4. Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оның құрамдас элементтері, экономикадағы рөлі және оның атқаратын қызметері.

  5. Банк жүйесінің түрлері.Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15

4 бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары,

құрылымы мен құралдары

4.1. тақырып. Бағалы қағаздар нарығы

1. Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары. 2. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысын тіркеу тәртібі.

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

- халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;

- ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;

- нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция,

облигация және т.б.);

- мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес)

бағалы қағаздар нарығы;

- алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

- коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан

пайда табу функциясы;

- мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын

процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б.

қамтамасыз етеді.

- ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда

нысандары мен оның қатысушылары туралы

нарықтық ақпараттарды жеткізеді;

- реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың

ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты

шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды,

бақылау органын немесе басқару органын және т.б.

белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

- қайта бөліну;

- баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция. Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:

- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын

қайта бөлу;

- ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан

өнімді формаға ауыстыру;

- инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша

ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет

тапшылығын қаржыландыру.

Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:

- алғашқы және қайталамалы;

- ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;

- биржалық және биржадан тыс;

- дәстүрлі және компьютерлендірілген;

- кассалық және мерзімді нарықтар.

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады.

1. Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңгейі жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер, жалғыз бастылар, асыраушысынан айырылған немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және т.б.) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын осындай қағаздарға салуды жөн көреді.

2. Қаржылық институттар бағалы қағаздармен опера-цияларды жүзеге асырады (коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтаңдыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.). Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.

3. Жеке инвесторлар - жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлік бизнестегі шағын кәсіпорындардың иелері.

Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің міндетті шартына заңды тұлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.

2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие бодды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді.

Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысын тіркеу тәртібі.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдесіндегі Заңы.




    1. тақырып. Қор биржасы

  1. Қор биржасының пайда болуы және дамуы.

  2. Қор биржасын ұйымдастыру ерекшеліктері және экономикасы дамыған елдерде қор биржасымен басқару.

  3. Қазақстан Республикасының қор биржасы, мақсаттары мен қызмет түрлері.

  4. Қор биржасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.

Бүгінгі таңда біздің елде қор биржаларының Еуроазиялық федерациясының (FЕАS) мүшесі және қор биржаларының Халықаралық федерациясының (ҒJВV) корреспондент мүшесі болып табылатын жалғыз Қазақстан қор биржасы (КАSЕ) бар. Биржалық сауданың техникалық ілгерілеуі мен биржа ісінің үнемі жетілуіне қарамастан Қор биржасының жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалып отыр.

1997 жылдың басында Қазақстанда 3 қор биржасы болған: Орталық Азия қор биржасы, Қазақстан қор биржасы, Қазақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын таңдағанда Қазақстан қор биржасы мен ҚБҚБ-сы жеңген болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін тоқтатты.

1998 жылдың жазында Қазақстан қор биржасы листингтік емес бағалы қағаздармен мәмілені тікелей баға белгілеу әдісі арқылы жасау үшін арналған сауда жүйесін іске асырды. Бұл республикадағы биржадан тыс нарықтық бага белгілеудің ұйымдастырылуын құру мәселесін шешті.

ҚР-сының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңына сәйкес, қор биржасының мүшелері тек қана биржада орындары бар және осы қор биржасының листингіне кіргізілген бағалы қағаздармеи саудаға қатысатын кәсіби қатысушылар ғаиа бола алады. Биржа мүшелерінің саны оннан кем емес болуы шарт. Олардың арасында ҚР-сының бағалы қағаздар нарыгының кәсіби қатысушысы мәртебесі бар шетелдік заңды тұлгалар да болуы мүмкін. Биржаға мүшелікке қабылдау туралы шешімді Биржалық Кеңес шығарады. Қазақстан қор биржасының жай күйі олардың санаттарын, оларға қойылатын талаптарды, қабылдау тәртібін, мүшеліктің тоқтатылуын жәнс уақытша

тоқтатылуын, сонымен қатар биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Қор биржасының мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішінде "С" санатты; биржа мүшелерін қоспағанда, ҚР-сының шегінен тыс жерлерде заңды тұлға ретінде тіркелген, қаржы нарықтарында кәсіби қызметтеріи жүзеге асыру құқығына ие ұйымдар да болуы мүмкін.

КАSE мүшелері қаржылық құралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:

• "Р" — ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар санат;

• "Н" — қор биржасының сауда жүйесінің "листингтік емес бағалы қағаздар" секторындағы айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға және жеке меншік ұйымдардың мемлекеттік акция пакеттерімен саудаға қатысу құқығы бар;

• "К" — қор биржасында айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар;

• "С" — қор биржасында айналыстағы мерзімді мәмілелермен саудаға қатысу

құқығы бар;

• "В"— шетел валютасымен саудаға қатысу құқығы бар.

Бір ұйым қор биржасында бірнеше санаттар бойынша мүшелікке ие бола алады.

Қор биржасының мүшесі оған берілген санатқа сәйкес қаржылық құралдар бойынша саудаға қатысуы; қор биржасындағы оның қызметі үшін жеткілікті және қажетті мәліметтерді алуы; Биржалық кеңескс, валюталық нарық бойынша Биржалық кеңес Комитетіне, биржа мүшелерінің Жалпы жиналысы мен оның акцияларына саудалық, есептеу, ақпараттық және басқа да қызметтерінің сұрақтары бойынша ұсыныстарды қарастыруға беруі, сонымен қатар оған берілгеи мүшелік санатына сәйкес қор биржасының мүшелерінің жалпы жиналысының және оның акциясының жұмысына қатысуы мүмкін.

Соиымен қатар қор биржасы мүшелерінің белгіленген міндетгері бар:

• әрекет ететін заңдылықтардың, жарлықтың, басқа да ішкі құжаттардың талаптарын орыңдауға;

• мүшелік салымдар мен биржалық жинақтарды оған берілген мүшелік санатына сәйкес биржада бекітілген мөлшерде, құрамда, мерзімде және тәртіпте төлеу;

• өз уақытында толығымен және ең оңтайлы әдіспен қор биржасында пайда болатын міндеттерді қаржылық құралдармеп жасалатын мәмілелерді, сонымен қатар қор биржасының мүшелері мен оның трейдерлерінің қызметін реттелетін әрекет етуші заңдылықтың, жарлықтың, басқа да ішкі құжаттардың талаптарына негізделген басқа да міндеттерді орындау;

• үшінші тұлғаларға биржадағы мүшелік күшіне сәйкес осы тұлғамен алынған және биржаның ішкі құжаттарына сәйкес коммерциялық құпия немесе жасырын санатқа жатқызылатын ақпараттарды бермеу және таратпау;

• құрылтайшылық құжаттарға толықтырулар мен өзгертулерді енгізген жағдайда олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін жедел түрде, сонымен қатар толықтырулар мен өзгертулерді енгізгені туралы егер ондай тіркеу әрекет етуші заңдылыққа сәйкес талап етілсе, мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттарды ұсыну;

• өкілетті органдарға, оның қызметкерлеріне және аффилиирлендірілгсн (үлестес) тұлғаларға қатысты қабылданған әрбір дисциплинарлық әрекеттері туралы хабарлау;

• өзінің трейдерлер құрамының әрбір өзгеруі туралы мәліметтерді беру және мұндай мәліметтерді уақытылы емес беру немесе бермеу нәтижелеріне толық жауапкершілікте болу;

органдарына сайлана алмайды. Акционер жиналыста өзі иеленген акциялар санына тәуелсіз басқа акционерлермен тең дауысқа ие.

Биржалық кеңес акционерлер, басқа да биржа мүшелері, оның лауазымды тұлғалардан қалыптасады. Одан басқа оның құрамына тұрақты негізде ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің өкілі дауыс құқығынсыз кіреді.

КАSЕ айналымына жіберілетін бағалы қағаздар:

• мемлекеттік;

• листинг рәсімінен өткен мемлекеттік емес және биржада сатылатын бағалы қағаздардың ресми тізіміне кіргізілген, соның ішінде ҚР-сында айналымға жіберілген және басқа мемлекеттік заңдылықтарға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар;

• ҚР-сында айналымға жіберілген басқа мемлекеттің мемлекеттік бағалы қағаздары;

• жоғарыда айтылған бағалы қағаздардың базистік активі болып келетін туынды бағалы қағаздар.

Қор биржасындағы саудаға листинг рәсімінен өткен бағалы қағаздар ғана жіберіледі. Қазақстан қор биржасының бағалы қағаздарының листингі туралы жағдайына сәйкес осы рәсімнен өткеннен кейін, биржалық саудаға ҚР-сындағы заңдылыққа және ҚР-сында айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің заңдылығына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік емес бағалы қағаздар жіберіледі.

Листинг рәсімін ҚР-сының және ҚР-сында айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің зандылықтарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік

бағалы қағаздар сонымен қатар туынды бағалы қағаздар үшін талап етілмейді. Листингтік компанияның мәртебесін алушы заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

• құрылтайшылық құжаттарында бағалы қағазды басқаға беруіне деген ұстаушыларға шектеулер немесе қысымшылықтар туралы нормалар болмауы керек.

• заңды тұлғаға қатысты заңнамада белгіленген жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері төленген және тіркелген болуы керек;

• басқа да талаптар бағалы қағаздар биржасындағы ресми тізімдсгі санатта белгіленген шарттармен анықталады.

Эмиссияланған бағалы қағаздарды ресми тізімге қосуда заңды тұлғаның өтініші және қосымша талап етілетін құжаттары биржаның Листингтік комиссиясында қаралып қабылданады.

Сонымен қатар биржа листингтік компанияның алдында мыналарға міндеттеледі:

• ресми тізімге енгізілген бағалы қағаздардың саудасын уақытылы жүргізуге қажетті жағдай жасауға;

• бағалы қағаздар бойынша биржалық сауда ережелерімен белгіленген бұқаралық ақпарат құралдарына сауда нәтижесінің көлемі туралы уақытылы ақпарат беруге;

• эмитенттің жасырын немесе жариялауға берілмейтін ақпаратын үшінші тұлғаға бермеу немесе жария етпеуге.

Листинггік компания Биржалық кеңестің эмиссиялаған бағалы қағаздарын ресми тізімнен алуға,

сондай-ақ саудада биржаның қызметін шектеуте және тоқтатуға құқығы жоқ.

Эмитенттің қызметі тоқтатылған жағдайда эмиссияланған бағалы қағаздарды ресми тізімнен шығару туралы өтініш, листинг талаптарындағы сәйкессіздік, сондай-ақ бағалы қағаздарды ресми тізімге қосу туралы өтініште толық ақпараттардың болмауы кезінде делистинг жүргізіледі. Листингтік комиссия бағалы қағаздардың делистингісін 1 жыл ішінде мәміле болмаған жағдайда да жүргізе алады.

Бүгінгі күні Қазақстан қор биржасында мынадай қаржылық құралдар айналыста:

• шетел валюталары: АҚШ доллары, Еуропалық Одақтың валютасы (еуро);

• мерзімді өзара келісім: АҚШ долларына стандартталған жеткізілімсіздік фьючерсі;

• ҚР-сының Қаржы министрлігінің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;

• ҚР-сының Ұлттық Банкі шығарған бағалы қағаздары;

• жергілікті атқарушы органның облигациялары;

• ҚР-сының Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру туралы Департамептімен саудаға қойылған мемлекеттік акция пакеттері;

• екінші деңгейлі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары;

• мемлекеттік емес бағалы қағаздар: облигациялар, АҚ-ның жай, атаулы, артықшылықты акциялары.

Қазақстан қор биржасында мемлекеттік және листинггік бағалы қагаздардың саудасы — үздіксіз қарсы аукционның электронды әдісімен өткізіледі. Ол

көрсетілген қарсы бағалардың үздік котировкаларына сәйкестендірілген анонимді контрпартнермен автоматты келісімге келуге негізделеді.

Листингтік емес бағалы қағаздар кезінде саудаға қатысушылардың өздері мәміленің бекітілуі туралы ақпаратты Орталық депозитарийге немесе тәуелсіз реестр-ұстаушыға берумен, тікелей баға белгілеу әдісін қолданады.

Қазақстан қор биржасы бағалы қағаздардың сатушысы және сатып алушысы қызметтерін атқаратын брокерлермен өзара қызметтеседі. Саудаға қатысатын брокерлердің сәйкес лицензиясы болуы керек, демек, біліктілік, қаржылық және басқада талаптарға сай келуі керек. Осыдан, қор биржасы бұл брокерлердің клиент-теріне сенімділі қызмет көрсетуіне кепілдік береді. Бұдан басқа, жасалып жатқан мәмілелерді аяқтау үшін биржаның есептеу органымен жәие Орталық дсаозитарийдің өзара арақатынасы қажет.

Өзінің мәні жағынан қор биржасы — бағалы қағаздардың көтерме нарығы болып табылады. Сөйтіп, нарыққа өту жәие бұрынғы жариялылықтаи біртіндеп босатылу жағдайында, ол Қазақстаңда экономикалық қатынастарды реттеуші динамикалық органдардың бірі бола алады.

Қор биржасы нарықтың ауыстырылмайтын қаржылық делдал болып табылады,өйткені қаржылық құралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді.

«Биржа» термині пайда болуы жайлы 2 түрлі түсінік қалыптасқан. Біріншісі жаңа латының «bursa»,яғни әмиян деген сөзіне негізделеді.Сонымен қатар,француз тілінде «bourse» сөзі де әмиян және студенттік шәкіртақы мағынасын береді;неміс тілінде «burse»және итальян тіліндегі «borsa» да сол мағынаны береді.

Екіншісі белгиялық Брюгге қаласында тұрған Вандер Бурсе атты голандық көпестің атынан пайда болды делінеді.Ол тұрған үйде үш әмиянның суреті бар таңба болған.Оның үйі орналасқан жер сатушылардың жиналуына ыңғайлы алаң болатын,мұнда олар ақшаларын ауыстырып,өздерінің істерін жасайтын,сондықтан көпес мүмкіндігін жібермей өз үйін белгілі бір төлемге алғашқы биржашыларға берген.

Қазіргі заман талаптарынан сай сырт көрінісі өзгергенмен,бұл сөздің мағынасы сол күйінде сақталған.

Егер заң тұрғысынан қарайтын болсақ, биржадағы операциялар қомақты табыс көзін әкеледі,бірақ ол өз клиенттеріне ғимараттар мен қызметтер ұсына отырып, тек қана өзін-өзі қаржыландыра алатын, шығынсыз мекеме болып қана отыр. Құқықтық қатынастардың

Тәуелсіз агенті бола отырып, биржа барлық түсімдерін қызметшілер жалақысына жіберді.

Кірістер шығыстардан асып түскен уақытта, сол ақша қаражаттар сауда процессін жүргізуге және оған қызмет көрсетуге, ондағы айырма биржа қызметкерлеріне сый-ақы беруге, сауда алаңдарын кенейтуге, жаңа құралдарды сатып алуға,жаңа технологияны енгізуге және зерттеуге кетеді.

Биржаның табысы мен мүлігі листингтегі бағалы қағаздарды оны қалыпты ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда, Есептік палатаға түсіп тұратын төлемдерден, пайлық қабылдау және жыл сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен,биржалық операциялар алымдарынан, көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерден,сауда ережесі бұзылғандығы үшін төленетін айыппұлдардан қалыптасады.

ҚР-сы «Бағалы қағаздар нарығы туралы»Заңына сәйкес қор биржасы акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін-өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым.Қор биржасы ҚР-сының мемлекеттік органдарына тәуелді емес.Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа қызметтің түрлеріне сәйкес келмейді.Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар қызметін атқара алмайды.Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жүргізе алатын қосымша құрылымдық бөлімшелерді ашуға құқығы бар, сонымен қатар, филиалдар мен өкілдіктер аша алады.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы тқмендегілермен айналысады:

-бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге арнайы құрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну;

-бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;

-бағалы қағаздарға баға белгілеу;

-өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беруші қызметін көрсету;

-жеке талдаулық зерттеулерді жүргізу;

-құқықтық-қатынастар субъектілері арасында клиринг жүргізу.Экономиқалық тұрғыда қор биржасы мына функцияларды атқарады:

- баға белгілеуші - биржа экономиқалық негізделген бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;

- бағаны болжау және ақпараттық-талдаулық-биржа мүмкін болатын сұраныс пен ұсыныстың даму үрдісін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу ортылығы болып табылады;

-тәуекелді сақтандыру(мерзімді биржа мәмілелеріне ғана тән);

-бағаны тұрақтандырушы функция-биржа бағаның ауытқу амплитудасы ескеріле отырып,күн сайынғы баға тербелісі анықталады. Мұның аясынан тыс әрекет ету мүмкін емес.

-Қор биржасы кез келген заңды тұлға ретінде өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілікте болады. Ол бағалы қағаздар нарығы субъектісінің шеккен зиянының орнын толтыруға және өз функциясын дұрыс орындамаған, заңды бұзған, биржалық сауда ережесін немесе коммерциялық құпияны ашып қойған жағдайда жауапқа тартылуы тиіс.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеуші ұйымдары, кәсіби қызметтері.

  2. Брокерлік және диллерлік қызмет.

  3. Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15
5 бөлім. Халықаралық валюталық-несиелік қатынастар.

5.1.тақырып. Валюта жүйесі және валюталық қатынастар

  1. Валюта жүйесін ұйымдастыру формалары: ұлттық және халықаралық, дүниежүзілік.

  2. Валюта жүйесінің элементтері.

  3. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму сатылары

Валюта-қаржылық қатынастармен байланысты банктік операциялар типтері. Халықаралық «бэнкинг» ұғымы. Халықаралық банк қызметінің қатысушылары. Банкаралық корреспонденттік қатынастардың қажеттілігі және қызмет ету мәні. Халықаралық банк департаментіндегі корреспонденттік қатынастар. НОСТРО счет – бұл корреспондентте банк атына ашылған корреспонденттік шот. ЛОРО счет – бұл банк-корреспонденттің банкте ашқан корреспонденттік шоты.

Халықаралық банктік клиринг – банкаралық корреспонденттік қатынастардың маңызды операциясы. Халықаралық валюталық аударымдар көмегімен халықаралық қызметтердегі қажеттілік.

Валюталық жүйе. Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы «вексель жәрмеңкелері» мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың кұрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің терендеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына

қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүние-жүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекетгік-құқықтық формасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері калыптас-қан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валю-талық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Үйымдық-зандық тұрғысынан қарағанда -бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруа-шылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемле-кетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы – дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлтгық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мүндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулердс және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастыры-луымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтері-нен байқалады

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Халықаралық валюталық қатынастар

Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валю-талық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық кызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валю-талық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорт-

тарында елдердің билік ету позициясы;

- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік

мекемелердің дамыған торабы;

- басқа елдерде оған деген сүранысты қамтамасыз ете-

тін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін ай-

налымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлтгық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлтгық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі – валюталық пари-тет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР – Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық кауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық «қоржынға» кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталық «қоржын» 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданы- лады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін, валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық «қоржын» бес валютадан тұрады (1.01.1991 ж. жағдай бойынша): АҚШ доллары – 40%, неміс маркасы – 21%, жапон йені – 17%, француз франкі – 11%, фунт стерлинг 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына бай-

ланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсия-ланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:

- «еркін пайдаланылатын валюта», яғни халық-

аралық есеп айырысуларда және валюталық

нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен

қолданылатын;

- валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған

елдердің валюталары;

- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің

конверсияланбайтын валюталары.

Валюталық паритет – бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізівде белгіленеді.

Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналатын валюта-мен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жеке-леген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипат-

Халықаралық валюталық қатынастар

тайтын – халықаралық өтімділік валюталық жүйенің эле-менті болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валю-талық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-да-ғы шоттар кіреді.

Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережеле-рінің регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылады.

Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.

Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе – валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынта-ландыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқтық ұйымдастыру формасы-ның және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз).

Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің, дүние-жүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүние-жүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

Валюта жүйесін ұйымдастыру формалары: ұлттық және халықаралық, дүниежүзілік. Валюта жүйесінің элементтері.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму сатылары: 1867 ж. Париж конференциясы, 1922 ж. Генуя, 1944 ж. Бреттон-Вудс, 1976 ж. Ямайка конференциялары.

Төлем балансы және оның құрылымы. Есеп айырысу балансы және оның төлем балансынан айырмашылығы. Төлем балансына әсер етуші факторлар: инфляция, халықаралық саудадағы өзгерістер.

Валюта курсының экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Шетел валютасымен несиелеу және есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргізудің тәртібі.

Валюталық саясат және банктің валюталық-қаржылық портфелін басқару.

2005 жыл 13 маусымдағы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Валюта жүйесін ұйымдастыру формалары: ұлттық және халықаралық, дүниежүзілік.

  2. Валюта жүйесінің элементтері.

  3. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму сатылары: 1867 ж. Париж конференциясы, 1922 ж. Генуя, 1944 ж. Бреттон-Вудс, 1976 ж. Ямайка конференциялары.

  4. Төлем балансы және оның құрылымы. Есеп айырысу балансы және оның төлем балансынан айырмашылығы. Төлем балансына әсер етуші факторлар: инфляция, халықаралық саудадағы өзгерістер Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15




    1. тақырып. Халықаралық валюталық-несиелік институттар

  1. Банктік мекемелердің түрлері.

  2. Халықаралық валюталық қор (ХВҚ–МВФ), оның атқаратын қызметтері мен міндеттері.

  3. Әлемдік банктің (ХҚКДБ) міндеттері мен мақсаттары, оның ұйымдастырылу құрылымы мен басқарылуы.

  4. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚКДБ-ЕБРР) мақсаттары мен қызметтері.

Халықаралық валюталық қор (ХВҚ–МВФ), оның атқаратын қызметтері мен міндеттері.

Халықаралық валюта қоры халықаралық ұйым болып табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған келісімге сәйкес құрылды. 1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ) өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді.

ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету.

ХВҚ-ның негізгі міндеттері:

халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету;

халықаралық сауда өсімін теңестіру және кеңейтуді жеңілдету;

Ммүше мемлекеттер арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу;

көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу

мүше мемлекеттерге төлем балансын реттеу үшін несие ұсыну;

халықаралық төлем баланстар теңсіздігін бұзушылықты қалпына келтіру.

ХВҚ халықаралық валюта жүйесінде тұрақтылықты қолдау және дағдарысты тоқтату үшін ұлттық, аймақтық және ғаламдық экономикалық дамуға шолу жасайды. ХВҚ өзінің 184 мүше елдеріне кеңес беру арқылы көмектеседі. Ол саясатты жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық және қаржылық дағдарыс алдында осалдық деңгейін төмендетуге, тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді. ХВҚ сондай-ақ, мүше мемлекеттерге олардың төлем балансын түзету мақсатында уақытша қаржыландыруды ұсынады.

ХВҚ мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығы мен өсіміне жауапты қызметшілер институтының біліктілігін арттыру ісінде техникалық көмек көрсетіп, оқытады.


ХВҚ-ның қызметі макроэкономикалық сипатта боғанымен, ХҚДБ ұлттық экономиканы дамытудағы жеке жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Олардың жалпы мақсаты халықаралық қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ХВҚ мен ББ көрсетілген мақсатқа жету үшін стратегияның құрама бөлігінде қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарды қарастырады. ХВҚ қаржыны жылыстату макроэкономиканың салдарымен байланысты екендігін, алдын ала болжанбаған қаржыға деген сұраныс, қаржы мекемелері мен қаржы жүйесіндегі тұрақтылық үшін тәуекелділік, сондай-ақ, халықаралық капитал ағынының тербелмелі масштабы және валюта курсы трансшегаралы аудармаларда келтірілмеген нәтижелерді қосқанда байланысты екендігін атап өтті.

ХВҚ өз қызметінің шеңберінде мүше мемлекеттердің қылмыстық жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар жүйесін құруға ерекше назар аударады. Бұл мақсатта ХВҚ мүше мемлекеттердің қаржыны жылыстатумен күрес саласында жұмыс атқаратын мемлекттік орган қызметкерлеріне өкілетті қызметін жүзеге асыруда түрлі оқытулар ұйымдастырып, анықтамалық материалдар әзірлейді. Тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес қылмысты жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес іс-қимылының ұлттық жүйесін бағалайды.

Әлемдік Банк Тобы, оның құрылымдық бөлімдері: халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК–МФК), халықаралық даму ассоциациясы (ХДА–МАР), инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көп жақты агенттік (КЖКА-МАГИ), халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ-МБРР).

Әлемдік банктің (ХҚКДБ) міндеттері мен мақсаттары, оның ұйымдастырылу құрылымы мен басқарылуы.

Әлемдік банк– халықаралық әмбебап ұйым. Ол 1944 жылы шілдеде БҰҰ-ның Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған шешімге сәйкес келісім бойынша құрылған. Бреттон-Вудсте (АҚШ) 1945 жылы желтоқсанда өз күшіне енген. ББ формальді түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) арнайы қаржы мекемесі болып саналады. ББ тобына Халықаралық қайта жаңғырту және дамыту банкі (ХҚДБ), Халықаралық Даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық Қаржы корпорациясы (ХҚК), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (ИККА) және Инвестициялық Дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталық (ИДРХО) кіреді. Әлемдік банк мүшелінгінде 184 мемлекет бар.

Әлемдік банк қызметінің негізгі бағыты ғаламдық масштабта кедейлік деңгейін төмендету және мемлекеттерге әр түрлі салада техникалық көмек: білім беру мен денсаулық сақтаудан бастап, қаржылық тұрақтылыққа дейін көмек көрсету. Әлемдік банк әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіндегі дамушы елдердің үкіметтеріндегі мектеп және денсаулық сақтау мекемелері құрылысына, халықты сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуде, аурумен күрес және қоршаған ортаны қорғауда қаржылық күшейтуді қамтамасыз ететді.

Әлемдік банк мақсатына мыналар жатады:

Мүше мемлекеттердің экономикасын дамытуға, оған қоса дамушы елдердегі өндірістік дамуды ынталандыруға көмек көрсету;

Жеке шетелдік инвестицияларға кепілдік ұсыну жолымен немесе ұсынылған жеке инвесторларға займ және өзге де капитал салуға қатысу арқылы ынталандыру;

Халықаралық сауда өсімін теңестіруге және төлем баланстары теңдігін қолдауға;

Барынша пайдалы әрі күттірмейтін жобаларды жүзеге асыруға займ ұсыну немесе олардың кепілдігі.

Әлемдік банк және Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бір-бірімен өте тығыз байланысты. ХҚДБ туралы Келісімнің 1 бөлімі, ІІ бабына сәйкес банк мүшелері тек ХВҚ-ның мүшесі бола алады.

2001 жылғы сәуірде ХВҚ мен Әлемдік банк атқарушы директорлары қаржыны жылыстату ғаламдық масштабта, ірі және шағын қаржы нарығында да көңіл бөлуді қажет ететін проблема екендігін мойындады. Қаржыны жылыстату ұлттық экономикалық даму және қаржы институтын қалыптастыру үдерісіндегі елдердің экономикалық, саяси және әлеуметтік күйреу салдарына әлеуетті түрде әкеп соғатындығын ескере отырып, қаржыны жылыстату дамушы елдерге айтарлықтай экономикалық шығын әкелуі мүмкіндігі туралы айтады.

2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғадан соң, ХВҚ мен Әлемдік банк атқарушы директорлар Кеңесі қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі жоспарды қабылдады. Мұнан өзге, 2002 жылдың тамызында басқарушылар Кеңесі ФАТФ-тың 40+8 ұсынымын қылмыстық жолмен келген кірістерді жылыстатуды (заңдастыруды), лаңкестікті қаржыландыруды заңдастыруға қарсы салада халықаралық стандарттарды қабылдады.

2002 жыл ағымында ХВҚ мен Әлемдік банк ФАТФ-пен, «Эгмонт» тобымен, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті және қаржыны жылыстату және 2002 жылғы қазандағы ФАТФ-тың пленарлық отырысында бекітілген лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрестерде іс-қимылын бағалаудағы өзге де әмбебап толық масштабты әдістемелерін әзірлейтін халықаралық органдармен тығыз қарым-қатынаста болды.

ХВҚ мен Әлемдік банк көрсетілген әмбебап әдістемелер бойынша 12 айлық эксперименттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында 33 елге (ФАТФ және ФТАҚ - 8) бағалау жүргізді.

2004 жылғы наурызда ХВҚ мен Әлемдік банк Кеңесі эксперименттік бағдарламаның нәтижесін қарап, оның сәтті әрі халықаралық қауымдастықтың қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күшті екпінін бар екендігін осы эксперименттің арқасында мойындады.

Әлемдік банк өзінің қызметі аясында сондай-ақ, мүдделі ұлттық мемлекет органдарының қызметкерлеріне түрлі оқыту үлігісін ұйымдастыру арқылы және көрсетілген салада халықаралық сарапшыларды тарту арқылы жеке сектор ұйымдастыра отырып, мүше мемлекеттерге қылмыстық жолмен келген табыстарды заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласында техникалық көмек көрсетеді.

Мұнан өзге, Әлемдік банк шеңберінде қаржыны жылыстату проблемасына арналған, қылмыстық жолмен түскен табыстарды заңдастыруға қарсы іс-қимылдардың жалпы жүйесіне, қаржы барлау бөлімшелеріне және т.б. арналған анықтамалық материалдар таратады. Бүкіләлемдік банк сондай-ақ, қатысушы мемлекеттердің қаржы секторының қызметіне бағалау жүргізеді. Оның шеңберінде, атап айтсақ, қылмыстық жолмен келген табыстарды жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандартқа сай ұлттық жүйеге сәйкес бағалау жүргізіледі.

1996 жылдан бастап, Әлемдік банк сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрестің 600 бағдарламасын және басқару тиімділігін жоғарылатудағы 100-дей ел клиенті жүзеге асырды. Бұл бастамаларда әр түрлі шаралар қарастырылған: мемлекеттік қызметшілердің кірісін көрсетіп декларация толтырудан бастап, мүлік және судьялардың жоғары біліктіліктен өтіп, журналистерге журналистік зерттеулер жүргізу әдістерін оқытулар жүргізіледі. Қазіргі таңда жаңа жобалардың төрттен бірі мемлекет кірісі мен қаржы реформасына қатысы бар компоненттен тұрады.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚКДБ-ЕБРР) мақсаттары мен қызметтері. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) — халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйым; Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі 1990 жылы құрылған. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Еуропа қайта құру және даму банкіге 50-ге жуық ел, соның ішінде ТМД елдері, сондай-ақ, Еуропа инвестициялық банкісі мен Еуропа қоғамдастығы мүше болып табылады. Банкке еуропалық емес елдер де мүше бола алады. Банкінің мақсаты — Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі, сондай-ақ, бұрынғы КСРО елдеріндегі экономикалық реформаларды қаржыландыру. Олардың ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық дамуына септігін тигізу; кредит алған елдерде құрылымдық реформа жүргізуге, жекешелендіруге және монополияны жоюға, орталықсыздандыруға көмектесу арқылы олардың экономикасын әлемдік интеграцияға тарту. Банк мемлекеттік қана емес, сондай-ақ, жеке секторда да әрекет етеді, коммерциялық мүмкіндігі жоғары жобаларға қатысады. Банк капиталы (12 млрд. АҚШ доллары шамасында) мүше елдердің жарналарынан құралады, бұл капиталдың 51%-і Еуропа экономикалық қоғамдастығы мен Еуропа инвестициялық банкісінің үлесінде. Қазақстан Республикасы Еуропа қайта құру және даму банкімен 1992 жылы байланыс орнатып, мүшелікке өтті. Бұл байланыс стратегиясы бірінші кезеңде техникалық ынтымақтастық арқылы ұйымдастыру және кадрлар даярлау жұмыстарын жүргізу болса, екінші кезеңде қаржы секторына, ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және көлік салаларын инвестицияландыру қамтылды. Осыған орай Қазақстанда көптеген жобалар іске асырылуда.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Банктік мекемелердің түрлері.

  2. Халықаралық валюталық қор (ХВҚ–МВФ), оның атқаратын қызметтері мен міндеттері.

  3. Әлемдік Банк Тобы, оның құрылымдық бөлімдері: халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК–МФК), халықаралық даму ассоциациясы (ХДА–МАР), инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көп жақты агенттік (КЖКА-МАГИ), халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ-МБРР).

  4. Әлемдік банктің (ХҚКДБ) міндеттері мен мақсаттары, оның ұйымдастырылу құрылымы мен басқарылуы.

  5. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚКДБ-ЕБРР) мақсаттары мен қызметтері.

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15


    1. тақырып. ҚР-дағы халықаралық қаржылық

институттардың қызметі

1.Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қызметтері.

2. Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары.

3. Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі

Халықаралық кредит - бір елдер мемлекеттерінің, банкілерінің, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғаларының өзге елдердің мемлекеттеріне, банкілеріне, басқа да заңды және жеке тұлғаларына белгілі мерзімге, қайтарылмалы және пайызы төленетін кредит беруі.

Халықаралық кредит экономикалық категория есебінде 3 функция атқарады: қайта бөлу, айналым шығындарын үнемдеу, капиталдың орталықтандыруына және шоғырлануына жағдай жасау.

Кредит капиталын қайта бөлу- елдердің арасында кеңейтілген, ұдайы өндірісті қамтамасыз ету және пайда алу ушін жүргізіледі. Бұл жағдайда кредит ұлттық пайданы ортақ пайдамен теңестіреді және көлемін өсіреді.

Халықаралық кредиттің екінші функциясы-қолма-қол валюталық айналымды халықаралық есеп айыру аясында халықаралық кредиттік операциялармен ауыстыруға, қолма-қол валютасыз есеп айырысуды дамытуға байланысты. Қолма-қол валюталарды кредиттік құралдырмен: вексельмен, чектермен, траттамен, аударымдармен т.б. ауыстыру жүргізіледі.

Капиталдың орталықтандыру және шоғырландыру-фуекциясы халықаралық кредит жаңа фирмалар, компаниялар трансұлттық компаниялар мен монополиялар құрылуына жағдай жасады.
Халықаралық есеп айыру - әр түрлі елдердің экономикалық саяси, мәдениеттік, дипломатиялық, соғыс қатынастарынан туатын ақшалай міндеттемелер мен талаптардан туатын төлемдерді реттеу.Ондай қатынастар үкіметтер, заңды және физикалық тұлғалардың арасында болады. Негізгі қатынастарға сыртқы сауда, қызмет көрсету, кредит және инвестиция жатады.

Есеп айырысу негізінен қолма-қол ақшасыз, төлем құралдарын бір шоттан екінші шотқа аудару түрінде жүргізіледі. Ол үшін шетел банктерімен корреспонденттік келісімдер арқылы корреспонденттік шоттар ашады: лоро (шетел банктердің ұлттық банктерде) және ностро (осы банктың шетел банкте ашқан шоты)

Халықаралық есеп айырысудың бір ерекшелігі ұлттық валюталар өз еліне тыс заңды төлем құралы бола алмайтындықтан жалпы барлық мемлекеттерге бірдей заңды төлем құралының жоқтығы. Сондықтан халықаралық есеп айырысуда девиз пайдалынады.

Девиз- халықаралық есеп айырысуда әр түрлі төлем құралдырының өкілі ретінде пайдаланатын шетелдік валютадан тұратын төлем құралдары. Оларға векселдер, чектер, аударымдар, банктік карточкалар, төлем бұйрықтары және т.б. жатады.

Вексель – жазбаша түрде толтырылған ұзақ мерзімді борыш міндеттемесі. Жай және аударма В. түрлері болады. Вексель беруші несие иесіне (вексель ұстаушыға) беретін, заң жүзінде нақты формада белгіленген жазба түріндегі борышқор қолхаты.Құнды қағаз; кредитке берілетін ақшаның бір түрі. Оның иесінің (вексель ұстаушының) белгілі бір уақыт мерзім өткенде, векселді берушіден ақша талап етуге даусыз құқық беруді куәландыратын жазбаша қарыз міндеттемесі. Вексель нарықтық экономика түріндегі елдердің коммерциялық және банкілік іс-тәжірибесінде, сонымен қатар сыртқы саудада және басқа да халықаралық есептесулерде барынша кеңінен қолданылады. Векселдік міндеттеменің мәні мен маңызы тек қана ақша (ұлттық түрдегі және шетелдік валюта түріндегі) болуы мүмкін.

Чек(тексеру‚ бақылау‚ кедергі жасау) — қатаң түрде белгіленген нысандағы бағалы қағаз, ақшалай құжат. Онда чек берушінің чекте көрсетілген ақшалай соманы чек ұстаушыға төлеу жөнінде банкіге берген жазбаша өкімі баяндалады. Чек қызметін банкілер клиент ашқан Чек салымындағы депозиттелген ақшалай сома шегінде көрсетеді. Чекті өтеу көзі — клиенттің меншікті қаражаты немесе банк несиесі. Ақшалай Чекті банкіден қолма-қол ақша алу үшін, несиелік Чекті қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланады. Несиелік Чекті жоғалған, ұрланған немесе қолдан жасалған жағдайда қорғау үшін кроссолау әдісі қолданылады, яғни оның бет жағында екі қатар сызықпен қиғаш сызу тартылады (мұның мәнісі оны пайдалануға белгілі бір шектеу қойылды дегенді білдіреді). Чек төлем айналымында пайдаланылады және онда міндетті түрде “чек” деген атау‚ Чек берушінің тапсырмасы (өкімі)‚ берушінің атауы және оның төлем төленуге тиіс шоты‚ төлем төленетін валюта‚ чектің жазылған күні мен мекені‚ Чек берушінің қойған қолы болуға тиіс. Чекте деректемелердің ең болмаса біреуінің жоқ болуы‚ құжатты заңды күшінен айырады.

Түрлері:

“бұйрыққа жатады” деген ескертпемен белгілі бір адамға жазылған ордерлік Чек;

“бұйрыққа жатпайды” деген ескертпемен белгілі бір адамға жазылған атаулы Чек;

“ұсынушыға” деген жазу жазылған ұсынушыға арналған Чек;

Ордерлік және ұсынушыға арналған Чектерді индоссамент арқылы кез келген адамға (Чек берушіні қоса) табыстауға болады. Чек бойынша төлемге авальшы аваль арқылы толық немесе ішінара кепілдік беруі мүмкін. Чек бойынша төлемге кепілдікті төлемшіден басқа кез келген тұлға бере алады. Чек бір қаладағы немесе басқа қаладағы айналымда тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін де қолданылады. Чек ақша жиынының аса өтімді компоненттерінің бірі ретінде М1 ақша агрегатына жатады, өйткені оны банк барлық қажетті шарттары сақталған жағдайда міндетті тәртіппен төлем төлеуге қабылдайды. Чек айналыстағы қолма-қол ақшаның орнын толтыру атқарымын орындайды және ақша ресурстарының үнемделуіне жәрдемдеседі. Электрондық аударма жүйесінің енгізілуі құжат айналымын жеделдетеді. Чек транзакциясы, яғни Чек деректерін магнитті тасығышқа жазу, микрофильмдеу банкінің Чекті өңдеуге, Чекті өңдеуге, сұрыптауға жұмсайтын шығынын, өтелген Чекті иесіне қайтаруға жұмсалатын пошта шығынын үнемдеуге жәрдемдеседі. Экон. табиғаты бойынша Чек- борышқорлық міндеттеме. Оны өтеу Чек берушінің (борышқордың) шотынан Чек ұстаушының (алушының) шотына белгілі бір ақшалай соманы аудару жолымен жүзеге асырылады. Чекті бір тұлғадан екінші тұлғаға беру мүмкіндігі және Чек айналымының дамуы оны айналымдағы ақша құжаты ретінде сипаттайды. Чектің қолма-қол ақшасыз қаражат ретінде айналыста жүруге жарамдылығы оны жалған ақшаға (квази-ақшаға) айналдырады. Чек иеленушісінің мүліктік құқығын куәландыратын құжат ретінде және төлем айналымына қызмет көрсетуге арналғандықтан — саудада пайдаланылатын бағалы қағазға жатады.

Аударым - кәсіпорын, фирма төлейтін төлем, жұмсайтын шығын. Аударым негізінен табыстан алынып, мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге түседі. Тозымпұлдық аударым, әлеуметтік сақтандыруға аударым, пайдадан сақтық қорына аударым т. б. түрлерге бөлінеді.

Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады. Пластикалық карточкалар шартты түрде:

- Халықаралық;

- Жергілікті;

- Дебеттік;

- Кредиттік;

- Корпоративтік;

- Жекешелік;

- Құрама;

болып бөлінеді.

Әлемде пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі бар:

- VISA;

- Master Card/Europay;



- American Express;

Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қызметтері.

Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары.

Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қызметтері.

2. Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары.

3. Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.



Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15


7. Семинар сабақтарының жоспары

1-Тақырып. Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет