ПОӘК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



бет5/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,02 Mb.
#13401
1   2   3   4   5   6

Жеке сабақ № 5-6

Дауыс қою пәнінде халық әндерін қолдану.

Жоспары:

1.Халық әндерінің тарихы туралы түсініктеме.

2.Халық әнінің музыкасы және мәтінімен танысу.

3.Халық әндерінің түрлері.



Халық әндерінің дауыс қоюдағы қызметі.

Жоспар:

1.Халық әнінің мәтіні мен музыкасының авторлары туралы түсініктеме.

2.Халық әніне музыкалық анализ жасау және орындау.

3.Фольклерлік халық әндері.

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 49_

Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді:

1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер.


2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер.
3.Тұрмыс – салт әндері.
4.Эпикалық жырлар.
5.Тарихи әндер.
6.Лирикалық әндер.
7.Айтыс.

Лирикалық әндер

Халық композиторлары мен ауызекі ән шығармашылығында лирикалық әндердің түрлері ерекше орын алады. Бұл әндер өзінің музыкалық байлығы, әсем де әсерлі ән-әуезімен көркем-өнердің жоғары дәрежелі үлгісі болып саналады.
Лирикалық әндер басқа халық әндерінің түрлерімен салыстырғанда, кейінірек шыққан туындыларға жатады. Олар мазмұны жағынан өте бай және халықтың ең сүйікті ән түрлерінің бірі.
Лирикалық шығармалардың әуендері ерекше сазды, әуезді, кең ауылқымды болып келеді. Бұларға күрделі ырғақ пен көлемді құрылым тән. Лирикалық жанр адамның ой-сезімі мен толғаныс, көңіл-күйінің түрлі қырларын суреттейді. Шығармадағы жеке адамға тән мінез бен сезім көпшіліктің көңілінен шығып, ол ән халықтың рухани мәдениетіне еркін енеді.
Лирикалық әндердің мазмұны мен тақырыбы әр алуан. Бұлар махаббат сезімін, сүйікті адамның асыл қасиеттері мен ажарлы көркін («Назқоңыр», Абайдың «Айттым сәлем, қалам қасы», Мәдидің «Үш тоты құсы»,

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.28.09.2014ж.

Бет 50_

Біржанның «Ақ тентегі»); сүйгеніне қосыла алмаған жастардың қайғы-зарын («Ақбөпе», Ақанның «Сырымбеті», Абайдың «Татьянаның сөзі»), толғайды. Бұл әндердің енді бір үлгілерінде сұлу табиғаттың көркем суреттері бейнеленеді(Абайдың, «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»әндері). Лирикалық әндерде албырт жастық шақ, адамның өмірдегі орны туралы терең философиялық ой-толғамдар үлкен тебіреніспен жырланады(Абайдың «Қарашада өмір тұр», «Сұлғылт тұман дым бүркіп», Естайдың «Дүние-айы»)т.б. әндерді үлгі ретінде келтіруге болады.
Жақын адамның не жақсы көретін құсының, атының өліміне арналған зарлы әндерде қайғылы сезім, мұң әсерлі беріледі(Ақан серінің «Құлагері», «Қараторғайы»).
Осындай мазмұндық байлығына қарай лирикалық әндер екі негізгі топқа бөлінеді:

Махаббат лирикасы және табиғат лирикасы

Махаббат лирикасының мазмұны мен тақырыбы әр алуан да өте бай. Мысалы, Сегіз серінің «Назқоңыр» әні сүйген жардың көркем келбетін суреттесе, халық әні «Ақбөпе» кедей жігіттің қалың мал төле алмай, сүйген қызынан айрылып қалган күйініш сезімін бейнелейді.


Халық әнші-композиторларының сүйікті жарын суреттеген туындыларының тілі айшықты, өрнегі мол, метафора, теңеулерге өте бай. Мысалы, Ыбырай Сандыбайұлының «Гәкку» әнінде қыз бейнесі аққуға теңеледі:
Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды, кең аламын.
Түскенде сен есіме, ерке Гәкку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.
Қазақтың бай табиғаты халық ақындары мен композиторларын әдеби-музыкалық суреттерді шырқауға шабыттандырды. Табиғат суреттері адамның шындық өмірімен оның ой-толғауларына, шаттығымен күйінішіне тығыз байланыста туды. Мысалы, халық әні»Айкөке» адамның жер анаға деген махаббаты мен қуанышын анық сездіреді:
Сырымбет биік асыр қатар кезең,
Жарасып таудан құлай аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,
Көк орай қайың мен тал-бәрі де әсем.
Табиғат лирикасының тағы бір әдемі үлгісі-«Япырай» әні. Бұрыннан авторының есімі белгісіз бұл шығарма қазргі кезде аты халқымызғақайта оралған тамаша ақын, жазушы, ұстаз Мағжан Жұмабаевтың әні деп танылды.
Бұл әсем де назды әнде табиғат көркемдігі және туған жерін, жарын сағынғанадамның нәзік күйінішті көңіл-күйі бейнеленген:

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 51

Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына табыну, табиғат құбылыстарының дүлей күшінен қорқып, соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан туған әндер тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау әндері жатады. Адам баласы табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап, күнге, бұлтқа, желге табынып келген.


Ескілікті наным – сенімнен туған әндердің бір алуаны – бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі ауруларды емдеу. Бақсы жын, пері, албасты басты делінетін ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді.
Қазақтың емшілік кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы үшін өмірлік мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер мен әртүрлі ауру, індет «иелерін» әсерлі, сырлы сазбен көшіріп, көндіруге болады деген сенімнен шыққан еді.

Еңбек және шаруашылық әндері.

Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бірі – еңбек жырлары – ел тұрмысының шындық суреттемесін, қарапайым шаруалардың күнделікті өмірін бейнелейді. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең – жырларға төрт түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады. Еңбек және шаруашылық өлең – жырларының ішіндегі ең көп тарағаны – төрт түлік мал туралысы.

Үйлену тойының дәстүрлі әндерінің бірі – беташар. Бұл ән келін күйеуінің ауылына келіп, жаңа үйге түскен кезде айтылатын жыр. Қазақтың көне дәстүріне байланысты жаңадан түскен келіннің бетін көрсетпей, желекпен жабады. Бет ашу дәстүріне үлкен мән берілетін. Сондықтан бұл жырды орындау үшін арнайы шешен ақын шақырылып, ол жиналған топқа келіннің бетін әнмен ашады.

Халық әндерінің дауыс қоюдағы ерекшеліктерін ескере отырып, қазақтың халық әндерінің негізінде онға тарта вокализ жаздым. Осы жинаққа

«Елім-ай», «Дайдидау» әндерінің негізінде жазылған екі вокализді кіргіздім. Әрбір қазақ баласы тілі шығып есі кірген соң, бірінші айтатын әні «Елім-ай» әні болатын.Әрбір қазақ баласы қолына домбыра алғанда, бірінші ойнап үйренетіні де «Елім-ай» әні болатын. Себебі, «Елім-ай» әні үйренуге өте оңай, диапозоны бір октаваға жетпейтін алты дыбыстан ғана тұратын ән.



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 52_

Әннің құрылымы да дауыс жаттығуы тәрізді минорлық гамма түрінде басталып одан кейін сол гамманы қайталаудан және бір ғана жерінде терция интервалы бар, басқа құрылымы дыбыстардың жоғары, төмен рет -ретімен қозғалуынан тұрады. Менің бірінші вокализ етіп «Елім-ай» әнін алғаным, жас әншінің дауыс мүмкіндігіне өте ыңғайлылығын пайдалану мен бірге, әр -бір өнер жолына аттаған қазақ баласы, қазақ халқының сонау«Ақтабан шұбырынды» заманынан бергі ән ұранына айналған «Елім-ай» әнін білуге тиісті екендігін мақсат еттім.

Ал, «Дәйдидау» әні вокалдік жаттығулардың элементтері мен вокализдік шығармаларға етене жақын әуендік құрылымының үндестігімен ерекшеленеді.Өзі дайын тұрған вокализ.Бұл вокализ ортаңғы, жоғары дауыстарға, дауыс диапозонын кеңейтуге, кантилена әдісін меңгеруге ,дауыс екпінін жетілдіруге қажетті жаттығу болады.

Сұрақтар:

1.Халық әндеріне анықтама бер?

2.Халық әндерінің қандай түрлері бар?

3.Лирикалық әндер туралы не білесің?

Қолданған әдебиеттер:

1.«Гаухар тас» әншілік өнерге арналған хрестоматия 1-ші том Алматы 2009 жыл «Өнер» баспасы.

2.«Сұршақыз» әншілік өнерге арналған хрестоматия 2-ші том Алматы 2010 жыл «Өнер» баспасы.

3.Затаевич А. «Қазақ халқының 1000 әні» Москва 1963 жыл «Музыка» баспасы.



Жеке сабақ №7-8

Сахана тілі және дикция.

Жоспар:

1.Сахана тілі туралы түсінік



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 53_

2.Шығарманы орындау кезіндегі фразировкамен жұмыс.

3.Дыбыстардың алмасуы.



Вокалдық шығармаларды орындаудағы поэзиялық мәтінді дикциялық, артикуляциялық анықтығы мен жұмыс істеу.

Жоспары:

1. Артикуляция және фразировкамен жұмыс.

2. Дыбыстар үндестігі және дыбыстар алмасуы.

3.Дауыссыз дыбыстармен жұмыс.



Сөйлесудегі дикция.

Ән айтудағы дикция, оның ерекшелігі.

Әншілік дыбысталу үнімен әншілік дикцияның сабақтастығы және осыған байланысты артикуляцияның ерекшеліктері. Икемділікті дамыту және артикуляциялық аппараттың қозғалысы, ауыз, ерін, тіл, төменгі жақ - негізгі бөліктер. Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалыптасуындағы артикуляцияның анықтылығы. Дикцияның кемшіліктерін жою. Ансамбльдік орындаудың негізгі элементі ретінде дауысты және дауыссыздардың айтылуы мен біртұтастығын қалыптастыру. Сөздің айтылуының шығарма сипатымен сабақтастығы.

Ән айтудағы орфоэпияның ерекшеліктері:



  • дауысты дыбыстарды бейтараптандыру;

  • дауысты дыбысты біршама созу, жоғарылығы мен және дыбыс сапасын нақты бекіту;

  • дауысты дыбыстарды түрлі регистрлерде айту;

  • дауысты дыбыстарды редуцияланған жерде анық айту;

  • дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшеліктері;

Дауыссыз дыбыстардың орфоэпиясы.

Дауысты дыбыстардың әншілік редукциясы.

Дауысты дыбыстардың орфоэпиясы.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 53_

Әдеби тілде айтылу ережелері.

Оркестрлік сүйемелдеумен берілген шығармаларда тыңдаушыларға мәтінді анық жеткізу шарттары. Оркестр дауысының қаттылығына және мықтылығына байланысты мәтінді қабылдау тәуелділігі. Дауыссыздар кешені бойынша сөзді «тану» ұстанымы. Акустикалық тұрғысынан қарағанда айтылатын сөздегі дауысты, дауыссыздардың дыбысталу күші. Хор және оркестр дауысының қатынасын қалыптастыруда дауыссыздардың естілу анықтылығы бағдарының қажеттілігі.

Дыбыстар ықпал еткенде, бір жақты ғана емес, бір-біріне ілгеріңді – кейінді ықпал жасайды. Үндестік заңы дауысты дыбыстармен де, дауыссыз дыбыстармен де байланыста болады. Сөз бен қосымшаның, сөз бен сөз арасында бір – бірімен үндесіп, біріне бірі жасалуы, айтылу жағынан үйлесіп отырады. Морфемалардың біріңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімдеп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үйлесуі немесе үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Үндестік заңын екіге бөліп қараймыз: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, дауыстылар үндестігін буын үндестігі дейміз.

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз арасында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі дейміз.

Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтанда оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық аспект.



Анатомиялық-физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесі қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б.) қосымша атқарады.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 54_

Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (бөбешік), тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б. Бұларды сөйлеу аппараты дейді.

Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар тоннан жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде көбірек, ұяңдарда азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді. Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты акустикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-біріне ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді.

Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына (амплитудасына) байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді.

Дауысты дыбыстар (мәселен а, ә) бір-бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тембр – дыбыс бояуы. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен обертонның бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз.



Лингвистикалық аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті шығады.



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 55_

Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады.

Морфемалардың жігінде қатар келіп, акустикалық немесе артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі (күштісі) екіншісін (әлсізін) өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр етеді.

Сұрақтар:

1.Дикция және орфоэпия туралы түсініктеме бер?

2.Артикуляция және фразировкаға түсініктеме бер?

3.Дыбыстар үндестігі және дыбыстар алмасуы деген не?

Қолданған әдебиеттер:


  1. М.Серғалиев. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі Алматы – 1996.

2.М.Ә.Қараев. Қазақ тілі Фонетика. Лексикология. Морфология. Синтаксис. Алматы – 1993. Ана тілі

3.Тұранқұлова Д. «Сахана тілі» «Өнер» баспасы Алматы 1996ж.



Жеке сабақ № 9-10

Дауыс қою пәнінде романстарды қолдану.

Жоспары:

1.Репертуарға романс таңдау.

2.Романс мәтінімен жұмыс.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 56_

3.Вокалдық жаттығулар және вокализбен жұмыс.

Шетел және Қазақстан композиторларының романстары туралы.

Жоспары:

1. Қазақстан композиторларының романстары.

2.Батыс композиторларының романстары.

3.Орыс романстарын талдау.



«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.

Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б.



Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Испанияда пайда болған романс алғашында испан (“роман”) тіліндегі ән деген ұғымды білдірген. Бүгінде романс лирико-эпикалық немесе лирико-драмалық мазмұнға толы бір дауысқа арналған ән жанры. Романс көбіне лирикалық поэзия мәтініне құрылып, аспаптық музыкада вокалдық негізде жазылады. Романстың әннен айырмашылығы — әуеннің сөзбен тығыз байланыстылығы мен аспаптық сүйемелдеудің маңыздылығында. Романстың баллада, элегия, т.б. жанрлық түрлері бар. Романс синтетикалық, музыко-поэтикалық жанр ретінде 18 ғасырдың 2-жартысында неміс композиторларының мектебінен басталып, кейін Франция мен Ресейде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы романтизм кезеңінде жетекші жанр рөлін атқарып, адамның ішкі дүниесінің сезімталдығын жан-жақты көрсету мен оны музыка арқылы бейнелеуді негізге алды.

Сұрақтар:

1.Романс жанры туралы түсініктеме бер?

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 57_

2.Романстың түрлері туралы не білесің?

3.Қазақстан композиторларының романстары туралы түсініктеме бер?

Қолданған әдебиеттер:

1.Қазақ энциклопедиясы, 7 – том

2.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

3. И.Кочнева, А.Яковлева «Вокальный словарь» Ленинград «Музыка» 1986г.



Жеке Сабақ №11-12

Мектеп әндерін дауыс қоюда пайдалану.

Жоспары:

1.Репертуарға мектеп әндерін талдау.

2.Қазақстан композиторларының балалар әні.

3.Мектеп әнімен жұмыс.



Халық әндерін мектептік музыка пәнінде қолдану.

Жоспары:

1.Қазақтың балаларға арналған фольклерлік әндері.

2.Мектеп әнімен жұмыс.

3.Мектеп әнін студенттің өзі сүйемелдеп орындауы.

Музыка  сан  алуан  жанрларға  бөлінеді.  Әннің  алатын  орны  өте  зор. Ән адамның жан сезімін  оятып, жүректің  нәзік  қылын  қозғайды  «Ән  миллиондардың жүрегін  біріктіреді »  Л. Бетховен.Әннің  эмоциялық ықпалы өте күшті, өзіндік көркемдігі және  мазмұндылығымен  балалар  жанын  баурап, олардың  ақыл - ой, сана - сезімінің  кеңейіп  жақсы  мінез - қылықтарының  қалыптасуына  әсер  етеді.Әнді  орындау  барысында  қандай  мақсат  қойылады? Орындау  кезінде  оқушылардың  музыкаға 

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 58_

деген  іс әрекеті қалыптасады, оның  ішінде  хормен  орындағанда  оқушының  музыкалық  мәдениеті  тұрақтап, орындаушылық  шеберлігі  тұррақтап, өздерінің  музыкаға  деген  көзқарасын  нығайтып,  шығарманың бейнелеу образын  көрсетедi.Әндер  әртүрлі  болады: халықтық, композиторлық, балалар  әні,  бесік жыры, той - думан әндер, лирикалық, патриоттық, эстрадалық, тақпақ  сазды т. с. т. б. Әндер  өмірмен  байланысты  болған  соң  көңілді - жадыраңқы, жабығыңқы - қапалы, албырт, жалынды, қайғылы, ойлы, айбынды т.б. болып  келеді. Әнді  орындағанда  орындау   ережелерімен  танысады.
 Мысалы:
-  Ән  айту  кезінде  тік  тұр  немесе  тік  отыр.
-  Иығыңды  көтерме  (демалғанда). Әнде  не  туралы  айтылатынын  ойла, мәнерлеп  айтуға  тырыс т.с.Сондықтан, әнді  орындау - халықтың  бүкіл  мәдениетінің  негізі, музыкалық  білім  мен  тәрбие  берудің  ең   ықпалды  құралы.
Ескере кететін  бір  жай: бастауыш  сынып  оқушылары  ән  айтудың  көркемдік  немесе  техникалық  жағынан  жеңіл, қысқа  әуеннен  емес, белгілі  бір  мазмұны  бар  әуендер  арқылы  тезірек  қабылдайды .

Мысалы: Түлкі. Сыңғыр  қоңырау. Бөдене. Қандай  жақсы  гүл. Апорт  деген  тәтті  алма .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет