Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Топырақтың механикалық, агрегаттық және микроагрегаттық құрамы. Механикалық элементтерге бөлінуіне қарай, диаграммалық пішінін профилін салу
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Сабақтың мақсаты: Топырақтың механикалық, агрегаттық және микроагрегаттық құрамы. Механикалық элементтерге бөлінуіне қарай, диаграммалық пішінін профилін салуын үйрену
Сабақтың қысқаша мазмұны: Топырақтың механикалық құрамы деп топырақтың әрбір бөлігін салыстыра қарағанда (механикалық элементтерін) әр түрлі өлшемде болуы.
Механикалық элемент дегеніміз – минералдардың, органикалық минералдық немесе органикалық қосылыстардың тұратын бөлшектер. Барлық молекулалары мен атомдары химиялық байланыста болады және топырақты талдауға дайындауда, олар жалпы қабылданған әдістемедегідей арегаттық күйге бөлінбейді.
Стокстың есептеуі бойынша қабылданған формулада түйіршіктердің сұйыққа бату жылдамдығы төмендегідей жолмен анықталады.
V=L/(9 ) g∙r^2 d_(3x1-d_a )/η
Мұнда: V -
r – түйіршіктер раадиусы, м
g – дененің ерікті түсу үдеуінің жылдамдығы, 981см/с
d_3gr – заттың физикалық тығыздығы, г/см
d_ct - сұйықтық тығыздығы, г/см
n – сұйықтардың жабысқақтығы, (судың)
Топырақтың әртүрлі қабатындағы горизонттағы (қабаттары – A,B,C,Д ) механикалық құрамын салыстыру үшін диограммалық пішінді пайдаланады.
1.Абцисс осі бойынша фракциялардың құрамы (%) салынады.
2.Ал, ординатаға топырақтың генетикалық қабаты салынады.
Диаграм фракциялардың әрбір қабаты бойында өзгеруін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай – ақ генетикалық топырақ ерекшеліктерін көруге болады.
Кесте 7
Топырақтың механикалық құрамы бойынша классификациясы
Топырақтың механикалық құрамы
|
Фракциялық бөлшектер құрамы 0,01 мм, % есебімен
|
“а” топ
|
“б” топ
|
Кесек құм
|
0-5
|
0-5
|
Жабысқақ құмдақ
|
0-10
|
5-10
|
Құмдақ
|
10-15
|
10-20
|
Жеңіл саздақ
|
15-20
|
20-30
|
Орташа саздақ
|
20-30
|
30-45
|
Ауыр саздақ
|
30-40
|
45-60
|
Жеңіл балшық
|
40-50
|
60-75
|
Орташа балшық
|
50-65
|
75-85
|
Ауыр балшық
|
65
|
85
|
Топырақтың механикалық құрамы “а” –тобына кіретін болса, ол топырақтар сортаңданған және сортаңдатқыш болып келеді. Егер “б” –тобында болса, онда сортаңдану процесі болмайды.
Сурет – 1-де көрсетілгендей, топырақтың құрылуы бойынша фракцияларға қалай бөлінгенін, орманды ақсұр топырақтың пішінінен байқауға болады: эллювиальды қабатта оның (фракциялық)мөлшері аздау, иллювиальдық қабатта көптеу, топырақты құрайтын жынысқа (қабатқа) қарағанда. Осы пішінде көрсетілген өзгерістер нәтижесінде, топырақтың біркелкі еместігін, жай көзбен байқауға болады, фракциялардың 1-0,25 мм болып бөлінуінде.
Топырақтың агрегаттық күйі. Әдетте, табиғи жағдайларда топырақ құраушы механикалық элементтердің жекеленген бөлігі, басқа қатты бөліктермен қосылмайтын күйде болып қалады (орналасады, құралады). Қөптеген жағдайда олардың бқл күйде немесе “көршілерімен” қосылуы шамасына және пішініне қарай әр түрлі агрегаттық құрылымдар түзейді. Механикалық элементтердің өзара қосылу себептері: біріншіден жер беті энергиясындағы топырақтың дисперциялық (ыдырау, шашырау) – жүйесі.
Екіншіден – құрамында жабысқақ заттардың болуы (шірік, сүзінділер, топырақ құрамынан бөлінген тірі денелер, органикалық емес денелер, карбонат кальций, темір сутегі қосылысы ж..т.б.). топырақ массасын цементті күйдегі құрылысына қарай бөлінуінің себептері: біріншіден – топырақтың көлемдік және физикалық өзгерісіне, оның ісінуі мен ылғалдану және құрғау кезіндегі түрі, тоңазығанда және ерігендегі өзгерістері жатады.
Екіншіден – топырақ массасын жәнідіктермен күшті қопсытылуы және ығыстырылуы, ал жақсартылған топырақтар – механикалық өңдеу нәтижесінде.
Топырақ массасының бір кесегінің қолға ұстап қысқандағы бөлік болуы немесе агрегаттары топырақтың құрылысы, ал бөліктің пішіні мен бөлікшелері өлшемі – құрылуы делінеді. Топырақ агрегаты үш топқа бөлінеді, әртүрлі өлшемдеріне қарай, қасиеттері мен шығу тегіне байланысты. Олар:
Микроагрегаттар – 0,25 мм
Микроагрегатты (агрономиялық ең бағалы құрылу) – 0,25 тен 10,0 дейін
Топырақтың кесек бөлігі – 10 мм-ден үлкен.
Топырақтың агрегаттар (басты белгісі - микроагрегаттар) бірінші механикалық элементтерден құралғандықтан, бірінші қатардағы агрегаттар деп атайды. Қалдық валенттіліктердің біреуінің әсерінен сондай-ақ, жабысу, су пленкаларының созылу, ойысуымен, элементтелген заттардың жабысуымен, олар екінші – үшінші, қатарындағы микроагрегаттар өлшемдерін құралуы мүмкін.
Топырақтың микроагрегаттық құрамы теориялық және практикалық агрономиялық түсіндіруді қажет етеді. Қандай күйде механикалық элементтер микроагрегаттарға қосылады және бұл микроагрегаттар соншалықты суға ұстамды. Бұл үшін топырақтың микроагрегаттық құрамын анықталуы, яғни суға ұстамды салыстырмалы құрамын әртүрлі өлщемде (0,25. 0,005, 0,07, 0,01, 0,005, 0,005-0,001 және 0,001 мм кіші). Жұмыстың орындалу реті 10 ...30г топырақ аламыз. Бұл 1мм електен өткен болуы шарт. Бұны колбада шайқап, араластырамыз, немесе шыны ыдысқа 500 мм су құямыз, болмаса топырақ ерітіндісінен 250 мм алып, осыдан кейін оны 24 сағатқа қалдырамыз. Бұдан кейін, алынған ерітіндіні ыдысқа құйып, жазықтық бағытта 2 сағат араластырамыз.
Араластырып болғаннан кейін, құрамындағы сұйықты фракциялау үшін, оны 0,25 мм електен өткізіп, 1000 мм цилиндрге көшіреміз. Електің үстіндддегі топырақты жобалап аздаған ағын сумен шаямыз, ағынды сұйықты тазарғанға дейін істейміз. Микроагрегеттарды 0,25 мм електен жинап алады және есептейді.Цилиндрдегі белгіге дейін, дистилляцияланған су құямыз. Егер су ерітіндіні қабылдаса, онда қалған ерітіндіні құямыз. Ал белгіге жетпеген мөлшерін сумен толтырамыз.
Берілген механикалық және микроагрегаттың көрсеткіштерін былай есептейді:Кк=a/в ∙ 100% мұндағы: a – құрамы немесе микроагрегеттық талдау; в – құрамы, немесе механикалық құрамы. Неғұрлым Кк жоғары, соғұрлым топырақтың микроқұрылысы жайлап берік болғаны.
2. Құрылыс салалары (100 -Кк) микроагрегаттық су ұстамдылығын сипаттайды және топырақтың құрылыс қабілеттілігінің жоғары болатының дәлелдейді.
3. агрегаттар санын В.Н.Дим бойынша мына теңдеуме Кд=ЕА-Е4 анықтайды. мұндағы: ЕА –микроагрегаттардың қосындысы (0,25-0,01 Е4 – 0,25-0,01 мм өлшемдегі бөлшектер.
4. Агрегаттар саны Н.Д.Пустовойтов бойынша Кп=ЕА-Е4. Мұндағы: ЕА –агрегаттар қосындысы (1-0,01 мм); Е4 -1 -0,01 мм өлшемдегі бөліктердің қосындысы.
1.Топырақтың механикалық құрамы дегеніміз не
2. Механикалық элемент дегенміз не
3. Топырақтың механикалық құрамы бойынша классификациясы
Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Топырақты талдауға даярлау.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5Сабақтың мақсаты: Топырақты талдауға даярлау Сабақтың қысқаша мазмұны: Зерттелетін топырақ қасиетін, талдау нәтижесі бойынша анықтайды. Сондықтан топырақ үлгісін танаптан, егістіктен дұрыс алып зертханалық талдауға сауатты, мұқият дайындау қажет.
Әдетте талдауға алынатын топырақ үлгісін танаптан қажетті тереңдікке дейін жеке қабаттарға бөле отырып, (мысалы 0-10, 10-20, 20-30, 40-50 т.б. 0-20, 20-40, 40-60 т.б. 0-25, 25-50, 50-75, 75-100 см т.б.) алады. Әр қабат аралығында топырақ үлгісін біркелкі қалыңдықты сақтай отырып вертикальды жазықтықта талдауларға жететіндей мөлшерде (500-2000 г.) алады. Әр қабат үлгілерін жеке қалталарға (қорапқа) салып, оның ішіне мынандай мәлімет жазылған қағаз салынады:
1. Топырақтың алынған орны – колхоз, совхоз, бригада, звено, танап.
2. Топырақ алынған жердегі өсімдік түрі – табиғи шөп, жоңышқа т.б.
3. Топырақ үлгісін алған мерзімі – күні, айы, жылы.
4. Жер кесіндісінің нөмірі – кесінді 25
5. Топырақ үлгісін алған қабат – 0-20, 20-40 т.б.
6. Топырақ үлгісін алған адам – аты әкесінің аты, фамилиясы.
Көптеген талдаулар жасау үшін, топырақ үлгісін ауалы жағдайға дейін жеткізіп алып, келінің ішінде түйіп, майдалап, 1 мм көзі бар електен өткізеді. Ал азот пен қарашірік мөлшерін және механикалық құрамын анықтау үшін топырақ үлгілерін арнаулы дайындықтан өткізбейді.
Кейбір талдаулар жасарда топырақ үлгісін алдын – ала құрғатпай-ақ,егістіктен алған күйінде зерттейді және құрғақ ауаның дәрежеге жеткен топырақ үлгісін майдаламайды(құрамын анықтағанда).
Жұмысқа қажетті құрал – саймандар мен материалдар:
1.Топырақ үлгісі; 2. Фарфорлы келі; 3. Каучук басы бар келсап; 4. Кішкентай күрекше; 5. Ақ парақ қағаз; 6. Бюкс; 7. Техникалық таразы , ұсақ өлшем тастар; 8. Қалта (қорап).
Жұмысты дайындау реті:
1.Алдын – ала танаптан алынып келген топырақ үлгісін (500-2000 г.) бір парақ қағаздың бетіне жұқа етіп жайып, құрғақ ауалы дәрежеге дейін, құрғақ бөлмеде кептіреді. Бөлмедегі ауа құрамында шаң және газдар (H3, Cl т.б.) болмау қажает. Үлгінің ішінде кездесетін газдар (H3, Cl т.б.) болмау қажет. Үлгінің ішінде кездесетін кесектерді қолмен уатып, өсімдік тамырларынан және басқа бөтен
жаңа қосылымдардан айыру қажет.
2.Құрғақ ауалы деңгейге жеткен үлгіні қағаз бетінде қалақшамен әбден араластырып, қайтадан жұқа етіп жайып, диоганалы бойынша төртке бөлінеді. Қарама – қарсы орналасқан екі бөлікті қалтасына қайта салып, ұсақ майдаланбаған күйінде басқа анықтауларға сақтап қояды. Қалған бөлік орташа топырақ үлгісі болып есептеледі. Ол анықтайтын топырақтың құрамын, қасиетін сипаттайтындай болуы қажет.
3.Орташа топырақ үлгісін фарфорлы келіге салып, каучук басы бар келсаппен түйе отырып, ұсақ майда қиыршықтарға айналдырамыз.
4.Ұсақталған топырақ үлгісін 1 мм көзі бар електен елейді, ал електің торынан өтпеген бөлігін қайтадан түйеміз, електің бетінде қиыршық тастар қалғанша жалғастыра береді.
5.Қажетке байланысты, електен өткен және өтпеген топырақ үлгілерін таразыда өлшеп, жеке қалталарға, бюкстерге салу керек. Аталған топырағы бар ыдыстардың ішінде міндетті түрде жоғарыдағы тізімде көрсетілген мәліметтері бар қағаздар салып, салмақтарын көрсетіп қоюымыз керек.
6.Талдаулардың түрлеріне, қажетіне байланысты 1 мм електен өткен топырақ үлгісін белгілі мөлшер бойынша зертханалық зерттеулерге қолданылады.
Бақылау сұрақтары: 1.Топырақты талдауға қажетті құрал-саймандар мен материалдар? 2.Жұмысты дайындау реті
Практикалық сабақтың тақырыбы №6 Топырақтағы гиграскопиялық ылғалдылықты анықтау.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6
Сабақтың мақсаты: Топырақтағы гиграскопиялық ылғалдылықты анықтау.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Көптеген талдаулар кезінде зертханада топырақты құрғақ ауалық күйге дейін кептіреді. Ондай топырақтың бойында әрқашанда біраз мөлшерде ылғал болады – оны гиграскопиялық ылғал деп атайды. Оның себебі топырақтың суды сіңіру қасиетінің арқасында, ола ауадағы бу тектен ылғалды бойына сіңіріп, топырақ түйіршіктерінің бетіндегі молекулалық тарту күші арқылы берік ұстап тұрады. Гиграскопиялық ылғал /су/ өздігінен қозғалмайды, ол тек қана тартылыс күшінің әсерінен, топырақтың бір бөлігінен екінші бөлігіне бу түрінде қөшеді.
Гиграскопиялық су мөлшері топырақтың құрамында, қоршаған ортаның жағдайына байланысты болуы. Топырақтың гиграскопиялығы, оның түйіршіктерінің өзіндік бетінің әсері. Сонымен қатар, топырақтың гиграскопиялылығы органикалық заттар мен тез ерігіш тұздардың мөлшеріне тығыз байланысты. Гиграскопиялық ылғал мөлшерінің мәнін ең жоғарғы мөлшердегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% - ке жеткенде ғана ие бола алады, яғни ауа, су буы мен толық қаныққан кезде осындай жағдайдағы ылғал мөлшерін жоғары гиграскопиялық ылғалдылық деп атайды.
Мұндай мәнге топырақ табиғи жағдайда сирек жетеді.
Егіншілік саласында гиграскопиялық және жоғарғы гиграскопиялық ылғалдылық мәндері арқылы өсімдіктің солу ылғалдылығын есептеп, оның бойына топырақтан еркін сіңетін ылғал қорын анықтауға болады.
Жұмысты орындау реті
1.Техникалық таразыға табақшаны, қақпағымен өлшеп, топырақты табақшаға салып, оны қайта өлшейміз.
3.Табақшаны топрыағы мен /қақпағы ашық күйінде/ кептіргіш шкафқа қойып, 5 – 6 аралығында 103С жылулық деңгейінде құрғату қажет.
4.Қысқышпен ыстық табақшаны кептіргіш шкафтан алып, қақпағын жауып, эксикатордың ішіне суығанша саламыз.
5.Суыған табақшаны топырағымен бірге өлшеп, қайтадан 1 – 2 сағатқа кептіргіш шкафқа салып құрғатамыз, содан соң қайта суытып өлшейміз. Егер екі өлшем бір – біріне сәйкес келсе, онда топырақтағы гиграскопиялық су толығымен булану арқылы арылған деп есептеуге болады. Ал егер өлшемдерінің салмақтары сәйкес келмесе, онда табақшадағы топырақты қайта 2-3 сағатқа кептіргіш шкафқа саламыз /В, г/.
6.Гиграскопиялық ылғалды /м, %/ мына теңдеу арқылы есептеуге болады.
7.Жұмыс барсында алынатын мәліметтерді төмендегі кесте үлгісіне енгізіп есептеген тиімді.
Бақылау сұрақтары: 1. Топырақтағы гиграскопиялық ылғалдылықты анықтау жұмысын орындау реті 2. Гиграскопиялық ылғалдылықты есептеу
Практикалық сабақтың тақырыбы №7 Топырақ ерітіндісі.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақтың мақсаты: Топырақ ерітіндісін бөліп шығару
Сабақтың қысқаша мазмұны: Топырақтан ертіндіні бөліп шығару үшін қысым яғни оны арнайы процестермен қысып алу, центрифугалық және басқа сұйық заттармен ығыстыру әдістерін қолданады. Бөліп шығарылған ерітіндінің мөлшері топырақтың сууту қасиеті мен топырақтың дәредесіне байланысты.
Центрифугалау жолымен ерітіндіні топырақтың ылғалдылық деңгейі толық су сыйымдылыққа жеткенде алуға болады.
Ерітіндіні басқа сұйық затпен ығыстырып алу үшін колонканы зерттеуге алынған табиғи ылғалды топырақпен толтырылып, одан сығатын сұйық затты ( этил спиртін өткізеді). Сонда топырақтың ерітіндісі колонка астындағы қабылдағышқа жиналады. Ауыр топырақтың сүзу қасиетін жақсарту үшін оған жуылған кварцтық құмд араластырады. Осы әдіспен ерітінді бөлініп шығарлаған соң топырақта біраз иөлшерде ылғал сақталып қалады да, ерітінді түгел сүзілмейді және оның карбонаттық тепе-теңдігі мен тотығу және тотықсыздані күйі өзгеруі мүмкін. Бірақ аталған әдістің артықшылығы мынады: вегетациялық кезеңде ерітінді топырақтан ылғал күйінде алуға мүмкіндік бар, сондықтан да топырақ ерітіндісінің құбылымын осы әдіс арқылы зерттеуге болады.
Топырақ сұйық фазасының құрамын топырақтануда, сондай ақ лизиметрлік әдіспен де зерттейді. Бұл әдіс белгілі бір топырақ қабатына сіңетін , арнайы қабылдағышқа жинақталған жаңбыр немесе қар суларын зерттеуге негізделген. Лизиметрдің топырақ үлгісі салынатын контейнерлі, монолитті ( кескінді) май құйғыш сияқты түрлері бар. Лизиметрлік қондырғы арқылы ерітіндіні тек топырақтың аса ылғал күйінде алуға ғана болады. Оған қоса лизиметрлі қондырғыларды, әсіресе май құйғыш сияқты лизиметрлерде, табиғи үзілу үрдісі белгілі бір шамада бұзылады. Сондықтан, топырақтың қайсысы бір компоненттері жайында бұл әдіс дәл сандық сипаттама алуға мүмкіндік бермейді. Міне сондықтан да, топырақ ерітіндісі құрамының құбылымын зерттеп білу үшін топырақ ерітіндісін лизимертлік әдіспен бөліп алудың өзге де құбылыстар ын білген жөн. Топырақ сүзіндесін талдау негізінде ғана топырақ ерітіндісінін кейбір қасиеттерті жайында қосымша пікір айтуға болады. Әйткенмен, топырақ сүзіндісінің оның ерітіндісінен елеулі өзгешелігі бар, сол себепті бізге топырақ ерітіндісінің құрамы мен қасиеті жайында толық түсінік бере алмайды.
Топырақ ерітіндісі құрамындағы сутегі иондары ( рН) мен натрий катионы концентрациясын, оның электр өткізгіштігі мен тотығу және тотықсыздану потенциалын тікелей денесінде анықтайды.
Топыраққа сіңген жаңбыр суына ерітілген заттардың,яғни атмосфералық ауа газдарының (О ,СО ,N , NH , т.б.), сондай-ақ ауадығы шаңды қосылыстардың бірталай мөлшері кіреді. Топырақтың сіңісімен ол қатты фазамен белсенді түрде әрекеттесіп, кейбір компоненттерін ерітіндіге айналдырады, содан барып топырақ ерітіндісі түзіледі.
Топырақтың тегі мен құнарлығын қалыптастыруда топырақ ерітіндісінің, мағынасы зор. Ол минералдық және органикалық қосындыларың өзгеру ( ыдырауы және синтезі) үрдістеріне қатысады; оның құрамында топырақ кескініне орай, түрлі азықтар алмасып тұрады. Өсімдік қорегінде топырақ ерітіндісінің ролі мүлде ерекше. Міне, сондықтан ерітінді құрамы және қасиеттерін реакциясы, буферлілігі, осмостық қысымы және құбылымы) білу-қажет іс. Ол үшін оны топырақтың бөліп алу керек.
Ерітінді топрақтың қатты және газды фазаларымен өзара үнемі де тығыз бірлескен әрекеттестікте болады, сондықтан оның құрамы мен концентрациясы оның негізгі салатын биологиялық, физикалық, химиялық жіне физикалық үрдістер нәтижесі болып табылады. Аталған үрдістердің қарқыны мен бағыты едәуір дәрежеде маусымдық құбылмалыққа бейім, осыған орай,топырақ ерітіндісініңқұрамы да тым өзгергіш, топырақ ерітіндісі концентрациясының шамасы онша үлкен емес. Әдеттегідей ол ерітіндініңбір литрінде бірнеше заттардың мөлшері грамнан аспайды, ал сортанданған топырақ құрамындағы ерітінді заттардың мөлшері бір литрде ондаған, тіпті жүздеген грамға жетуі де мүмкін.
Топырақ ерітіндісін иондық, молекулалық, коллойдтық күйінде болатын минералдыұ органикалық және органика минералдық заттар құрайды, оған ерітілген газдар да кіреді. Топыраққ ерітіндесі құрамында минералдық қосындылардан аниондар мен катиондар болады. Сондай ақ аса қышқыл топырақта кездесуі ықтимал. Темір мен алюминий топырақ ерітінісі құрамына негізінен органикалық қалдық заттармен бірге кешенді түрінде кездеседі. Сондай ақ топырақ ерітінісі құрамында еритін органикалық қалдық заттар мен олардың ыдырауынан түзілетін азықтар және жеңіл еритін гумустік заттар болады.
Органика минералдық қосындылар қышқыл ортада көбінесе көп катиондармен түрлі органикалық заттардың кешенді қосындыларын құрайды. Ерітіндінің минералдық және органикалық бөлшектерінің арақатынасы топырақтарда бірдей емес. Күлгіндеу топырақтар ерітіндісінде минералдық заттардан күрі органикалық заттар басым келсе қара топырақта минералдық қосындылар басым. Кейбір топырақ ерітінісі құрамында органикалық заттар артқан, оған себеп сілтілі сілтілі реакциямен сіңірілген натрий катионының пептизациялық әсері. Топырақтың ерітіндісі компаненттерінің мөлшері қайсы бір текті типтер жиегіне орай өзгеріп отырады. Органика текті және гумустық жиектеріндегі топырақ ерітіндісінде органикалық заттар көп болады., кескіннің типті қабаттарына енген сайын жоғары қабаттары тұтылу мен минералдану нәтижесінде , органикалық заттар азаяды датопырақ ерітіндісі құрамында минералдық, қосындылар карбонаттанғыш және тез ерігіш тұздар мөлшері едәуір артады.
Топырақ ерітіндісінде кездесетін аниондардың ішінде өсімдік үшін ең маңыздылары фосфат иондары. Нитрат мөлшері топырақтағы нитраттану жағдайларға байланысты. Сортанданбаған топырақ ерітіндісінің құрамында онша көп те емес, ал фосфат иондары мөлшері одан да аз. Мұны өсімдіктер топырақтың минералдық қосындылардан тиімд3 фосфат иондарын қанық сіңіруімен және ондағы фосфаттардың шамалы ерімталдығын тусіндіруге болады. Сортанданған топырақтар ерітіндісінде иондар көп мөлшерде кездеседі. Топырақ ерітіндісінің реакциясы белсенді қышқылдық немесе сілтілікпен сипатталады және ол тікелей топырақта өтетін химялық,физикалық, химиялық физикалық,биологиялық үрдістерге сондай ак өсімдіктердің дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы өсіміктер үшін өте маңызды. Егер ол өсімдік клеткасы сөлінің осмостық қысымына немесе ода жоғары болса онда өсімдіктің қоректік заттарды сіңіре тоқтайды да, солып қалады. Осмостық қысым топырақ ерітіндісінің концентрациясы мен онда еріген заттардың диссоцияциялық дәрежесіне байланысты. Ерітіндісінің осмостық қысымы, әсіресе механикалық құрамы ауыр сіңіру қабілеті күшті топырақта жоғары келеді және оның типі мен жекеленген жиектерінде біркелкі емес.
Түрлі топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы биологиялық үрдістер үдемелілігі мен деңгейіне байланысты болғанықтан, оның мөлшері құбылмалы келеді. Саратов пен Безенчук ауылшаруашылық тәжірибе станцияларының зерттеу жұмыстары бойынша топырақ ерітіндісінің осмстық қысымы артқан кезде, бидайдың тіршілік кезең қысқарып, түптенуі кешігіп, масақтану, гүлдеу мен пісу шақтары тезделетіні, транспирациялық коэфициенті кеміп, дән құрамындағы аұуыз мөлшері артқаны байқалған.
Топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы
Топырақ
|
Жиегі
|
Топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы
|
Топырақ
|
Жиегі
|
Топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы
|
Қара топырақ
|
A+B1
|
2,05…10
|
Дымқыл сортаң
(солончак)
|
Бірінші
|
11,2…10
|
B2
|
1,68…10
|
Екінші
|
13,6…10
|
B3
|
3,80…10
|
|
|
Бағаналы жебір,(солонец)
|
A
|
1,56…10
|
Солодь
|
А2
|
0,2…10
|
B1
|
0,40…10
|
В2
|
1,90…10
|
B2
|
6,38…10
|
В/С
|
1,56…10
|
Осмостық қысым топырақ ерітіндісінің тұздану нүктесіне қарай триоскопиялық әдіспен анықталады.
Бақылау сұрақтары: 1. Осмостық қысым қандай әдіспен анықталады.
Практикалық сабақтың тақырыбы №8Топырақтың механикалық құрамы
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Сабақтың мақсаты: Топырақтың механикалық құрамын анықтау
Сабақтың қысқаша мазмұны: Топырақтың Н.А. Качинский бойынша бөлінуі. Топырақ ерекше табиғи Топырақтың дене ретінде төрт фазадан тұрады: қатты, сұйық, газ тәріздес және тірі. Қатты фаза топырақ түзілу процесі негізінде құралатын минералдық бөлшектер мен органикалық заттардан тұрады. Сұйық фаза су және онда еріген тұздар, газ теріздес фаза топырақтық ауа, тірі фаза -топырақтың түзілуіне қатынасатын - топырақта күнелтетін көптеген тірі организмдер, топырақтың қатты фазасы топырақтың бөлшектері, яғни минералдың жекелеген бөлшектері мен тау жынысының үгінділері. Осыларды механикалық элементтер ден атайды. Механикалық элементтердің өлшемдері әртүрлі болуы мүмкін. Тау жыныстарының ірі бөлшектерінің диаметрі микронның мыңнан бір бөлігіне тең бөлшектерге дейін, яғни топырақ құрамына кіретін әрбір бөлшектің өлшемін анықтай беру мүмкін емес. Сондықтан өлшемдері ұқсас қарапайым бөлшектерді бір топқа немесе фракцияға біріктіреді. Олай бөлудің ең көп тараған түрі Н.А. Качинскийдің ұсынған түрі.
Топырақтың түйіршіктік құрамы ондағы түйіршік мөлшеріне қарай мынадай топқа бөлінеді
Топырақ түйіршіктерінің молшері жөне аттары
Түйрішік мөлшері, мм.
|
Аты
|
3
3-1
1-0,5
0,5-0,25
0,25-0,05
0,05-0,01
0,01-0,005
0,005-0,001
0,001-0,0005
0,0005-0,0001
0,0001
|
тас
қиыршық тас
ірі құм.
орташа құм
ұсақ құм
ірі тозаң
орташа тозаң
ұсақ тозаң
ірі тұнба
ұсақ тұнба
коллоидтар
|
Көрсетілген бөлшектеудегі механикалық түйіршіктерді қосып оған анықтама береді. Мысалы, ірілігі 1 миллиметрден аспайтын түйіршіктер жинағын физикалық балшық деп ал 0,01 миллиметрден кем үгінділерін физикалық құм деп атайды. Топырақтың құрамынан минералдық, органикалық және органикалық-минералдық механикалық элементтерді бөледі. Егістегі топырақтың негізгі бөлігі сол минералды механикалық элементтерден тұрады. Осы екі бөліктің ара қатынасына қарай Н.А.Качинский топырақты былайша топтауды ұснады.Органикалық және минералдық бөліктерінің ара қатынасына байланысты топырақты топтау
|
Ірілігі 0,01 мм-ден
аспайтын түйіршіктер
жинагы - физикалық
балшық, процентпен
|
Ірілігі 0,01 мм-
ден ірілеу физикалық
құм, процентпен
|
Балшық
Ауыр балшық
Орта балшық
Жеңіл балшық
Құмайт
Құмша
Құм
|
60
40-60
30-45
20-30
10-20
5-10
0-5
|
40
55-40
70-55
80-70
90-80
95-90
100-95
|
Бұл екі бөлштің құнарлылығы ауа, су өткізгіштік қасиеттеріне қарай анықталады. Аталған топырақтың механикалық құрамдары бұл үшін өте қажет Айталық механикалық құрамы жеңіл топырақ қабаты тез жылиды Себебі жылуды тез өткізеді, сол сияқты ылғалды да тез сіңіреді. Топырақты өндеуге де жеңіл. Ал егіншілікте мұндай топырақтан мол өнім алынбайды. Себебі сінген су тез дегдиді де жылынған топырақ ілезде суыйдыМеханикалық құрам дегеніміз топырақтағы механикалық элементтердің салыстармалы куоамы Ал оларды сан жағынан анықтауды механикалық анализ деп атайды. Далалық жағдайда топырақтың механикалыққұрамы сыртқы белгілеріне қарай және қолмен ұстап көру арқылы шамамен анықтайды. Толық, әрі дәл анықтау үшін зертханалық әдісті қолданады.
Механикалық құрамы әртүрлі топырақтардың қасиеттері де әртүрлі болады. Құмды топырақттар суды жақсы өткізеді, бірақ оны жақсы ұстап тұра алмайды, көктемде тез жылиды. Сондықтан оларды жылы топырақ деп атайды. Құмдақ топырақтар ауыл шаруашылық құралдарымен тез өңделетін болғандықтан оларды жеңіл топырақтар деп атайды. Оларды жеңіл топырақтар деп атайда. Ал сазды топырақтардың қасиеті өзгеше болады, олар ұзақ қызатын болғандықтан суық деп, өңделуі қиын болғандықтан ауыр топырақтар деп аталады.Агрономиялық жағынан алғанда механикалық құрамы жөнінен жақсы топырақтарға саздақ және құмдақ топырақтар жатады.
Механикалық құрам - топырақтың маңызды агрономиялық сипаттамасы. Ол топырақтың құнарлылық деңгейін де сипаттайды. Топырақтың физикалық қасиеттерінің барлығы оның механикалық құрамына тәуелді болады. Топырақтың механикалық құрамын білу, жердің жыртылу тереңдігін, тыңайтқыштар мен ұрықты енгізу тереңдігін анықтау, суғару мерзімі мен тәсілдерін белгілеу сияқты сұрақтарды шешу үшін қажет.
№1 тапсырма.Н.А.Качинскийдің кестесін пайдалана отырып, топырақтардың механикалық құрамы туралы мәліметтер бойынша аттарын атаңыз.
№2 тапсырма.Ордината осіне топырақтың қабаттарының жату тереңдігін, ал абцисса осіне -әр тереңдік бойынша фракциялардың проценттік құрамын сала отырып, механикалық анализ мәліметтері бойынша тереңдігі бойынша механикалық құрамын пішіндік әдіспен тұрғызыңыз. Анализ жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |