Политология үй жұмысы: Дана Елшібек



Дата20.10.2023
өлшемі14,65 Kb.
#187011
Байланысты:
Политология үй жұмысы
Балым ЕСЕП 2020 (копия), Ермаханбет Айгерім, СРО-3

Политология үй жұмысы:
Дана Елшібек
1)Саяси жүйе:
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
2)Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық
Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.
Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті, статикалық, динамикалық
Саяси тұрақтылықты орнатудың екі жолы бар. Олар: дамыған демократия арқылы орнату және диктатура арқылы. Екі жолдың қайсы жағымды, қайсы жағымсыз екені қазіргі таңдағы ең даулы мәселелердің бірі болып табылады.
Саяси тұрақсыздық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің сыртқы және ішкі саяси шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы. Саяси тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік. Экстрозаңды тұрақсыздыққа жататындар: терроризм, соғыс т.б. Ал өкіметтік тұрақсыздыққа жататындар: мемлекеттің ішкі саясатына байланысты қабылданған шешімдерге байланысты, мысалы: сайлау, реформа, заң, болатын өзгерістер
Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болдады. Оның негізгі белгілері:Қоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі;Этносаралық және діни шиеленістер деңгейі;Конституциялық құқықтың бұзылу деңгейі;Солшыл радикалды идеялар деңгейі;Саяси плюрализм деңгейі
3) Тәуекел (Риск; фр. risque қауіп) — жүзеге асырмақ іс-шаралардың сәтсіз болып шығуының ықтимал қаупі, осындай қауіпке байланысты іс-шаралардың ездері. «Әйтеуір бір сәті болар» дегенге негізделген көзжұмбай тәуекел және әбден ойластырылған, сәтті болады деген сенімге негізделген нартәуекел ден сараланады. «Тәуекел» термині ойындар теориясы мен шешімдер белгілеу теориясында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет