Постановлением акимата Акмолинской области от 9 января 2015 года № а-1/20 «О лимитах штатной численности местных исполнительных органов районов, городов Кокшетау и Степногорска»


-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу



бет10/35
Дата09.06.2020
өлшемі366 Kb.
#63301
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35

4-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу


      51. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.

      52. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

      53. Кандидаттарды бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

      Конкурсқа (-тарға) қатысатын және бос лауазымға (-дарға) орналасуға (оның ішінде екі және одан көп лауазымдарға) арналған әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған үміттенген бос лауазымға (-дарға) байланысты сұрақтар қойылады және осы Қағидалардың 54 және 91-тармақтарымен белгіленген жағдайларда конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне ғана эссе жазады.

      Бос лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтар тең көлемде қойылады.

      Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

      Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады.

      Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

      Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

      Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.



      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Каталог: sites -> akkol.akmo.gov.kz -> uploads
        sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
        sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
        sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
        sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
        sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
        sites -> Өмірбаяндық деректеме
        sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
        uploads -> 1. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды талдауы
        uploads -> Ақмола облысы Ақкөл ауданы сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік комиссияларының орналасу орындары мен құрамдары туралы хабарлама


        Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет