Постановлением акимата Акмолинской области от 9 января 2015 года № а-1/20 «О лимитах штатной численности местных исполнительных органов районов, городов Кокшетау и Степногорска»



бет4/35
Дата09.06.2020
өлшемі366 Kb.
#63301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

2-тарау. Конкурсты өткiзу тәртiбi


      6. Конкурс мынадай түрлерден тұрады:

      1) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;

      2) барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;

      3) жалпы конкурс.

      7. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;

      3) мемлекеттік органның конкурс комиссиясын немесе бірыңғай конкурс комиссиясын құру;

      4) конкурсқа қатысушылар құжаттарының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген) бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары), жарияланған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына, сондай-ақ Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестiгiн қарау;

      5) кандидаттармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;

      6) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.

      8. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

      9. Конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

      10. Мемлекеттік органға осы Қағидалардың 43, 76 немесе 78-тармақтарында көзделген құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс қатысушылары болып табылады.

      11. Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.

      12. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарап, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзедi және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады.



      1. Каталог: sites -> akkol.akmo.gov.kz -> uploads
        sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
        sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
        sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
        sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
        sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
        sites -> Өмірбаяндық деректеме
        sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
        uploads -> 1. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды талдауы
        uploads -> Ақмола облысы Ақкөл ауданы сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік комиссияларының орналасу орындары мен құрамдары туралы хабарлама


        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет