Повреждение нервного сплетения нерв байлам бузылысы



бет33/42
Дата13.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#100329
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
Точный

Жоғарғы Барре сыны. Сырқат екі қолын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды (В).
Барренің саусақ сыны. Әлсіреген қолдың саусақтарын бірінен-бірін белсенді түрде жазып ажырату қиын болады.

Вендерович сыны. Сырқат шынашағын қозғалтуға әрекеттенген дәрігер ықпалына қарсылық жасай алмайды.

9.Аяқ бұлшық етінің күшін зерттеу әдістемесі

Тізетобық клонусы. Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.

Өкше клонусы. Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.




Есеп №16

Науқас ауыр жүк көтергеннен кейін пайда болған бел аймағындағы және оң жақ аяғындағы, әсіресе оң аяғының алдыңғы бетінің ауырсынуына шағымданады, емделмеген, соңғы кезде оң аяғында әлсіздік байқалып, қозғалыс кезінде ауырсыну күшейген.

Объективті тексеру: бел аймағында бұлшықет дефансы, анталгиялық қалып анықталды, оң аяғында санның алдыңғы сыртқы бетінде терең және үстірт сезімталдық төмендеген және 3 баллға дейін әлсіздік, сан бұлшықеттерінің гипотрофиясы анықталды, оң жақта тізе рефлексі шақырылмайды, оң жақта Мацкевич және Вассерман созу симптомдары оң.

Қозғалыс қызметі мен сезімталдықтың бұзылу типін анықтаңыз? Перифериялық (гипотрофияға және арефлексияға байланысты) монопарез (тек оң аяқта) Түбіршектік тип (терең және үстірт сезімталдық төмендеген)

Топикалық диагнозды анықтаңыз? 3-4ші бел түбіршіктерінің комрессиясы

Төменде көрсетілген кесте бойынша зерттеу әдістемесін жүргізіңіз




Тәжірибелік манипуляциялар

Манипуляцияны орындау кезектілікпен, коммуникативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады




Ауру сезімталдықты зерттеу әдістемесі

Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.





Буын-бұлшық еттік сезімді зерттеу әдістемесі

Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады. Қай саусақты , қай буынды істеп отырмын деп сұрау қажет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет