ППән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) итулдық парағы


Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы



бет3/5
Дата03.02.2017
өлшемі1,39 Mb.
#8704
1   2   3   4   5

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы

6М073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған


ZB 3302 Бетон толтырғыштары

пӘнІ бойынша БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)


Бағдарлама 20___ж. «____»________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич «___»________20___ ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.

ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова «___»__________20___ ж.



1. Оқу пәнінің төлқұжаты
Пәннің атауы «Бетон толтырғыштары »
Профильдік пәндер үшін міндетті компонент.
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 5



Барлығы: аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат

МӨЖ – 90 сағат

МОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылық – 135 сағат


Бақылау түрі

Емтихан – 5 семестр

Курстық жұмыс – 5 семестр

Пререквизиттер

Бұл пән физика, химия, математика сияқты пәндермен: құрылыс материалдары, байланыстырғыш заттар, процесстер мен аппараттар, жылу техникасы және жылутехниканың қондырғылары, бетон және темірбетон технологиясы, тағы сол сияқты арнайы пәндерді байланыстырады.


Постреквизиттер

Мамандықтын оқу жоспарымен қарастырылған барлық пәндерді оқу кезінде, пәнді оқу кезінде алынған білім, зейін мен дағды білім алуға жауапты қарауға мүмкіндік береді. Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағдымашықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Бетон технологиясы 1», «Бетон технологиясы 2» және т.б..


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу акпараттары

Кудрышова Баян Чакеновна, техника ғылымының кандидаты, ПМУ доценті.

«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы ПМУ-дың Д корпусында (Толстой к-і 99), Д-302 аудиторияда орналасқан.

Байланысу телефоны (8-7182) 67-36-59 (12-33 қосымша).

Email - bkudryshova@mail.ru

Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелгі бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.


3 Мәні, мақсаттары мен міндеттері

Пәннің мәні

«Бетон толтырғыштары » пәні «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша студенттерді оқыту жоспарының арнайы мамандық үшін таңдау бойынша компонентіне жатады.


Пәнді оқытудың мақсаты

«Бетон толтырғыштары» пәнін игерудің мақсаты келесілер болып табылады. Қазіргі кездегі бетон толтырғыштарын өндіру технологиясын және қасиеттерін терең білетін, олардың қазіргі замандағы азаматтық, өнеркәсіптік құрылыстағы маңыздылығын, оны әрі қарай дамытып, капитал қорының тиімділігін артыруды білетін мамандарды дайындау.



Пәнді оқытудың міндеттері

Мамандар дайындағанда келесі талаптар қойылады:

- мамандар алдында ақпараттағы материалдарды меңгеру, өздерінің білімін жоғарлату, жаңа материалдардың тиімділігін әдеттегі материалдардың тиімділігімен салыстырып, жаңа зауыт, цехтардың технологиясын жобалауды үйрену;

- қазіргі құрылыстағы пайдаланатын кеуекті жасанды толтырғыштардың техникалық және экономикалық маңыздылығын оқып білу;

- оптималды технологияны, сапалы өнімді және шикізаттарды тиімді пайдалану принциптерін игеру;

- жасанды кеуекті толтырғыштар өндіру барысында өндіріс қалдықтарын пайдалану жөнінде мағлұмат алу.


4 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Осы пәнді игеру нәтижесінде студенттер:



  • құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің түрлі технологиялық тәсілдерін есептеуді; әр түрлі бетон толтырғыштардың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін қызметтерді орындауды меңгеруі қажет;

- толтырғыштардың қасиеттеріне байланысты бетон мен темірбетон конструкцияларында оларды рационалды пайдалану және экономикаға тиімділігін жоғарылату жолдарын үйрену.

Білу керек:

- толтырғыштардың өндіру технологиясын және қасиеттерін білу;

- жасанды және жоғары кеуекті толтырғыштар құрылымын алу принциптерінің нәтижесінде жоғары сапалы толтырғыштар өндірудің технологиялық әдістерін білу;

- толтырғыштар түрлерінің бетон қасиеттеріне әсер етуін білу.

Істей білу керек:


  • бетон толтырғыштарының қасиеттерін бағалай білу;

  • толтырғыштар түрлерінің бетон қасиеттеріне әсер етуін көріп, бағалай білу;

  • бетон өндіру үшін толтырғыштардың жарамдылығын анықтау.

Тәжірибелік дағдылану:

  • зерттеу қызметті ұйымдастыру негіздері;

  • бетон толтырғыштарының қасиеттерін бағалау әдістемесі;

  • эксперименталдық мәліметтерді өндеу үшін есептеу техникасын қолдану.

Білікті болу керек:

  • мамандар алдында ақпараттағы материалдарды меңгеруге;

  • жаңа материалдардың тиімділігін әдеттегі материалдардың тиімділігімен салыстыруға;

  • зерттеудің жаңа әдістерін өздігінен оқытуға, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік профилін өзгертуге.


5. Пәнді оқытудың пәндік жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

р/с

Тақырыптардың

атауы

Аудитория-лық сабақтар

СӨЖ


дәріс

тәж.


бар-лығы

СОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі жасанды кеуекті толтырғыштардың ролі

3

1

2

2


2

Толтырғыштардың қасиеттері мен оларды сынау әдістері

5

3

20

4

3

Тығыз табиғи тасты жыныстар негізіндегі толтырғыштар

6

3

15

5

4

Табиғи кеуекті толтырғыштар

5

2

20

4

5

Күйдіру арқылы толтырғыштар

6

3

20

4

6

Өндіріс қалдықтар негізіндегі толтырғыштар. Шлакты пемзалы қиыршық тас және құм технологиясы.

5

3

13

3,5
Барлығы: 135, (3 кредит)

30

15

90

22,5



6. Пәннің дәрістер тақырыптарының мазмұны мен тізімі
1тақырып. Кіріспе. Құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі жасанды кеуекті толтырғыштардың ролі

Жоспар:

  1. Кіріспе. Бетон толтырғыштарының түрі. Оның классификациясы және оларға қойылатын негізгі талаптар.

  2. Бетон толтырғыштарының қолдану аумағы.

Кіріспе. Толтырғыштардың бетон араласпасы және бетон қасиетіне әсерінің барлық өзгешелігін ажырата біле отырып, тәжірибелі ең оңтайлы бір немесе басқа қолдану аумағын таңдау, немесе бар толтырғыштардан белгілі бетонға қойылатын талаптарға ең қолайлы тлтырғыштарды табу керек. Бірдей мөлшерде дәйекті детерминизм негізінде инженер қажетті толтырғыш өндірісін ұйымдастыру үшін шикізат ресурстарын мақсатты бағытта ізденіс жасап және бір немесе басқа шикізатты қайта өңдеудің технологиялық тәсілдерін оның ерекшеліктері мен қойылған мақсатқа сүйене отырып тиімді таңдап үйрену қажет.

Пән табиғи толтырғыштарды шығару технологиясы, өндіру және қайта өңдеу, сондай-ақ табиғи шикізаттан алынатын жасанды толтырғыштарды баяндаумен қатар, болашақ инженерді әр түрлі өндіріс қалдықтарын барынша көп қолдану есебінен шикізат базасын кеңейтуге бағыттайды, ол экологиялық және экономикалық проблеманы шешумен қалдықсыз технологияларда табиғи ресурстарды кешенді пайдалануына мүмкіндік туғызады.

Құрылыс сапасын жоғарылату сұрағы бара-бара көбірек мағына алуда. Сапа – техника-экономикалық категория. Нақты мысал – құрылыста бетон маркасынан (беріктіктің орташа көрсеткіші) класқа көшуі (қажетті беріктіктің берілген қамтамасыздығы). Осы ауысымға байланысты бетонның біртектігін жоғарылату экономикалық ынталандырылады. Соңғысы толтырғыш сапасы мен біртектілігіне тәуелді, сондықтан толтырғыштарды байыту технологиясы, олардың жоғары сапасын қамтамасыз етуіне және технологиялық үміттілігіне көп көңіл бөлінген.

Толтырғыштар деп белгілі бір түйіршіктік құрамды табиғи және жасанды материалдар, олар оңтайлы байланыстырғыш зат пен суды араластырғанда құралған бетон құрайтын затты атайды. Толтырғыштар бетон және темірбетон конструкцияларының құнының 30-50 % , ал кейбір кезде одан да жоғары. Сондықтан оқу, толтырғышты тура таңдау, оларды оңтайлы өндіру және қолдану үлкен мағынаға ие.

Толтырғыштарды қолдану аумағы.

Бетонның негізгі белсенді бөлігі – байланыстырғыш (цемент). Байланыстырғыш сумен әрекеттесіп, уақыт ұстамдылық көрсетеді және қатаяды, қамыр тәрізді иілімді (пластикалық) күйден қатты бетон араласпасынан бетонға ауысады. Толтырғыштар не үшін қажет?

- Толтырғыштар бетонда 80 %-ға дейін көлемді алады. Және сонан кейін оның арқасында бетонның ең қымбат жане жетіспейтін құрамдық бөлігі ретінде цемент және басқа байланыстырғыштардың шығынын едәуір азайтуға болады.


  • Цемент тасы қатайғанда көлемдік деформацияға ұшырайды. Оның шөгінуі 2 мм/м жетеді. Шөгіну деформацисының біркелкі болмауының әсерінен ішкі құбылыс кернеу және шытынайды (сынады). Ұсақ ақаулар жәй көзге көрінбеуі мүмкін, бірақ олар цемент тасының беріктігін және уақытқа шыдамдылығын біршама төмендетеді.

  • Толтырғыш бетонда қатты қаңқа құрайды, шөгіну деформацияларын өзіне қабылдайды және цемент тасының шөгінуіне қарағанда қарапайым бетонның шөгінуінен шамамен 10 есе төмендетеді.

  • Жоғары берікті толтырғышты қатты қаңқа беріктігін жоғарылатады және бетонның серпімділік модулі (яғни күш әсеріндегі конструкциялардың деформациясын төмендетеді), жайылымдылығын төмендетеді (яғни ұзақ уақыт күштің әсерінен бетонның иілімдік қайтарымсыз деформациясы).

  • Жеңіл қуысты толтырғыштар бетонның тығыздығын және оның жылуөткізгіштігін төмендетеді, осындай бетонды сыртқы оқшаулағыш конструкцияларға, яғни жылуоқшаулауға, қолдануға мүмкіндік береді.

  • Арнайы аса ауыр және гидратты толтырғыштардан радиациядан қорғайтын бетон жасайды (атом электр станцияларында және т.б.).

Бұл толық емес тізім толтырғыштардың қолдану ортасын анықтайды, олар бетонның өте маңызды құрамдық бөлігі бола тұрып, бетонның қасиетіне және техника-экономикалық тиімділігіне әсер етеді.

Ұсынылатын әдебиет: [1-14].


2 тақырып. Толтырғыштардың қасиеттері мен оларды сынау әдістері

Жоспар:

  1. Толтырғыштардың негізгі физикалық қасиеттері.

  2. Толтырғыштардың механикалық қасиеті.

Толтырғыштардың негізгі физикалық қасиеттері.

Бетонға арналған әр түрлі, толтырғыштар бір немесе басқа арнайы қасиеттерімен және ерекшеліктерімен өзгешеленеді, олардың қолдану облысы және техникалық экономикалық тиімділігін шарттандырады. Сонымен бірге олар сусымалы түйіршікті материалдар ретінде негізгі бір сапа көрсеткіштерімен сипатталады.



Толтырғыштардың төгілмелі тығыздығы:

, кг/м3

Толтырғыш заты және түйіршік тығыздығы.

Толтырғыш түйіршігінің тығыздығы құрғақ қиыршықтас және шағылтас үлгінің массасын оның түйіршігінің сомалық көлеміне қатынасын береді.

Толтырғыш түйіршігінің көлемін үлгіні ауада және суда салмағын өлшеу нәтижесі айырмашылығы бойыеша анықтайды. Суда салмағын өлшеу оның толтырғыш түйіршігінің саңылауына енуі мүмкіндігін ескерту үшін оны алдын ала суға қанықтырады.



Толтырғыш түйіршігінің тығыздығы, г/см3


мұнда: m1 - толтырғыш үлгісінің құрғақ күйіндегі массасы, г;

m2 - ауада салмақ өлшеу кезінде анықталған суға қаныққан толтырғыш үлгісінің массасы, г;

m3 - толтырғыш үлгісінің суда салмақ өлшеу нәтижесі, г;

ρсу - судың тығыздығы, 1 г/см3 -ке тең деп алады.



Толтырғыш түйіршігінің тығыздығын МЕСТ 9758 талаптарына сай оларды суда және цемент қамырында анықтау тәсілдері келтірілген. Цемент қамырында ірі толтырғыш түйіршігінің тығыздығын (г/см3) масса өлшеу нәтижесін мына формулаға салып есептейді:


мұнда: ρар. - бетон араласпасының тығыздығы, кгл;

mтол - құрғақ саңылаулы толтырғыштың массасы, кг;

М - барлық материалдардың қоспадағы (суды қосқанда) сомалық шығыны, кг;

mц - қоспадағы цементтің массасы, кг;

ρц - цементтің тығыздығы, МЕСТ 310.2-78 немесе 3,1 г/см3 тең деп алады;

ρқ - қоспадағы кварц құмының тығыздығы, экспериментально немесе 2,65 г/см3 тең деп алады;

mқ - қоспадағы кварц құмының массасы, кг;

mсу - қоспадағы су массасы, кг.

Толтырғыш затының тығыздығын басқа да құрылыс материалдары сияқты оны майда етіп ұсақтау жолымен кейін оның ұнтақтың абсолютті көлемін пиксометр немесе Ле-шателье аспабында ұнтақпен су немесе басқа сұйықтың (керосин) көлемі бойынша өлшеу жолымен анықталады.

Толтырғыш қуыстылығы.

Қуыстылық немесе түйіршік арасындағы қуыстылық деп толтырғыштың пайызбен алғанда түйіршік арасындағы көлемінің ρтүйір (г/см3) бос құйғандағы (нығыздаусыз) толтырғыш алатын барлық көлемге ρтөг (кг/м3) қатынасын атайды.



Толтырғыш түйіршігінің саңылаулығы.



Саңылаулық толтырғыш түйіршігіндегі барлық саңылаудың сомалық көлемін оның көлеміне қатынасына тең. Әдетте толтырғыштың әр түйіршігінің саңылаулығы емес толтырғыштар үлгісіндегі түйіршіктің орташа тығыздығын анықтайды. Оны егер түйіршіктің тығыздығы  немесе толтырғыш затының тығыздығы  () есептеуге болады:


Толтырғыштың ылғалдылығы және сусіңіргіштігі.

Түйіршіктің санылаулығы толтырғыштың мүмкін ылғалдылық және сусініргіштігін анықтайтын ең басты фактор.



Ылғалдылықты () анықтау үшін толтырғыш үлгісінің массасын өлшейді сонан кейін тұрақты массаға дейін кептіреді:

Сусініргішті табу үшін  құрғақ ірі толтырғышты 48 сағатқа, 1 сағатқа немесе техникалық шарттар немесе технологиялық талаптарға сәйкес басқа уақытқа суға салады, сосын судан шығарып, түйіршік бетін сүртеді және салмағын өлшейді:


Толтырғыш түйіршігінің формасы және олардың біркелкі орналасуы.

Төгілмелі тығыздық, қуыстылық және басқа толтырғыштардың сипаттамасын көбіне оның түйіршігінің формасымен анықталады.

Кесте 1 - Түйіршік формасына байланысты төгілмелі материалдардың қуыстылығы.



Түйіршік формасы

Кеуектілік, %

Қалау кезінде

Орташа

Ең нығыз

Ең бос

Кубтар

Октаэдр


Додекаэдр

Икосаэдр


Шар

0

12.1


14.1

10.3


26.2

87.1

83.9


60.7

59.9


47.6

43.55

48.05


37.4

35.1


36.9

МЕСТ 9758-86 санылауы толтырғыштардың түйіршіктерінің формасы бойынша:

мұнда: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет