Ппм-811 Марқаш Ақбота Деңгейлік тапсырмалар



бет3/3
Дата14.12.2021
өлшемі18,9 Kb.
#100392
түріКонспект
1   2   3
Байланысты:
бағ 14

Өзін-өзі анықтау - тұлғаның жалпы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі өзінің әлеуметтік рөлі мен позициясын таңдауы. Ш. Бюлердің көзқарасы бойынша, тұлғаның толымды өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, өзінің ішкі мәніне сәйкес мақсаттарды қоя білу мүмкіншілігі. Өзін-өзі бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімділігін дамытады. Өзін-өзі бағалау адамның айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді.

Өзін-өзі анықтаудың және жүзеге асырудың репродуктивті жолдарын атап өтетін болсақ:

Бұл бағыттарды жүзеге асыруда жігерлілік және тәсілдер жүйесі қажет.

1. Мақсатты таңдау және оны негіздеу;

2. Мақсаттың шынайылығын, қолжетімділігін анықтау;

3. Шынайы емес мақсатты шынайыға ауыстыру;

4. Өз мақсаттарыңды белсенді тексеру, айқындап алу;

5. Мақсаттардың реттілігін анықтау;

6. Жеткен деңгейді ескере отырып, жаңа мақсат белгілеу;

7. Мақсаттарды нақтылау; мақсаттарды анықтау;

8. Мақсаттардың жағдайларға тәуелділігін анықтау;

9. Қалыптан тыс мақсаттарды белгілеу. 

Өзін-өзі бағалау деп бұл адамның өте күрделі, көп бөлімді, құрылымды білімін айтамыз. Ол ерте балалық шақтан,яғни сәбидің «мен өзім» деген алғашқы сөзінен бастап, адамның бүкіл өмір бойына жалғасады , әрі дамиды. Бала «Мен өзім» деп айта отырып, үлкедерге белгілі бір нәрсені орындауға қажетті өзінің мүмкіндіктерін, біліктіліктерін бағалайтындығын білдіртеді.

«Өзін-өзі бағалау» және «өзін-өзі анықтау» ұғымдары психология мен педагогикда кеңінен, әрі көп мәнде қолданылатынын біз білеміз.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуы және дамуының қажеттілігі бір жағынан оқыту әдістері мен түрлері, екінші жағынан – тәрбиемен байланыстан туындайды. Бұл байланыс оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушылар арасында орнайтын өзара қарым-қатынас жүйесімен қамтамасыз етеді. Өзін өзі бағалау білім берудің тиімділігі, оқыту мазмұны, әдістері және ұйымдастырылу түрі ғана емес, оқу үрдісінде пайда болатын өзара қарым-қатынас жүйесімен де қамтамасыз етеді.

Сонымен оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мәселесінің маңызы - мақсатқа бағытталушылық болды. Ол оқушылар бойында қалыптасатын өзіндік бағалау белгілі бір мақсат, арман-мұраттарға, нормалар мен құндылықтарға бағытталу екен.



Өзін-өзі бағалаудың нысанасы – бағалауға жататын нақты адам немесе топ ретінде анықтау, ал пәні – бұл адамдарда тікелей бағаланатын нәрсе ретінде анықтау десек болады. Бағалау нысаны және өзін-өзі бағалау адамның өзі, өзге адамдар, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, өзге адамдармен өзара тіл табысуын айтамыз. Оқушы үшін бұл олардың өздері, олардың мұғалімдерімен, ата-анасы және құрдастарымен, ортамен қарым-қатынасы, өзара іс-әрекеттерін бағалауын айтамыз.

Сонымен қорыта келе, оқушының өзін-өзі бағалауы оның білім, қабілет, мінез-құлық белгілері, жігерлілік, моральдық және өзге де жеке тұлғалық қабілетіне, оның физикалық ерекшелігіне, еңбек қасиетіне, іс-әрекетінің дамуында маңызы жоғары екен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет