Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Келісілді»
№ 7 мектеп-лицейінің директоры
_____________ Абдазиева Г.М.
«______» ____________20_____ж.
|
«Бекітемін»
Институт директоры
______________С.Т.Тайман
«_____»__________20_____ж.
|
6B01725–Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 2-курс студенттеріне арналған психологиялық-педагогикалық практикадан өту және есеп беру жөніндегі
бағдарлама
Қызылорда, 2022 ж
Практика бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30 қазандағы 2018 жылғы № 595 «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған(09.01.2019 ж өзгерістерімен).
Практика бағдарламасы «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының отырысында қаралды.
№___хаттама, «___» _______ 20___ жыл.
Кафедра меңгерушісі: Ұ.Ө. Бекназарова
Кіріспе
Жаңа әлеуметтік жағдайлар, Қазақстандағы педагогикалық ғылым мен білім жүйесінің дамуы, дүниежүзілік педагогикалық тәжірибе бүгінде педагог дайындаудың алдын жан-жақты талаптар қойып отырғаны белгілі.
Қазіргі педагог үнемі өзгерісте болып тұратын әлеуметтік жағдайды жаңаша ойлау, педагогикалық үрдістің инновациялық жүйесін игеру, өз еңбегіне шығармашылықпен қарау және оқушылармен жоғары дәрежеде қарым-қатынас жасай білуі қажет.
Білімнің дамуы төмендегіше ресми құжаттармен байланысты:
Елбасының 2007 жылғы Қазақстан халқына жолдауы;
ҚР «Білім туралы» заңы (2007ж);
ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Педагогикалық тәжірибе жинақтау – болашақ педагогтің шығармашылықтұлғасын қалыптастырудың құрамды бөлігі болып табылады. Бағдарлама негізінде төмендегідей ережелер алынды:
Тұтас педагогикалық үрдістегі психологиялық, педагогикалық пәндердің болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындығындағы ролі;
Педагогикалық тәжірибе жинақтаудағы жүйелілік және бірте-бірте күрделеніп отыратын студенттердің іс-әрекеттері;
Болашақ педагогтарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына педагогикалық тәжірибе жинақтауға баулу.
Бұл жұмыс бағдарламасы 2005 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы республикалық оқу-әдістемелік орталық құптаған бағдарлама негізінде жасалды, сонымен қатар бағдарламаға Х.Е.Нұғманованың, доцент Ұ.Б.Ағыбаеваның «Педагогикадан тәжірибе жинақтау» атты методикалық құралдары пайдаланылды.
2-курстағы тәжірибе жинақтаудың мақсаты – студенттердің теориялық білімінің сапасын және кәсіби дайындығын бағалаудың қорытындысын тексеру.
Практика барысында төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс:
Тұтас педагогикалық процесті іс-әрекет нысанасы ретінде жүйелі көре білуді қалыптастыру;
Студенттерді педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу;
Оқушылардың таным қызметінде педагогпен оқушылардың педагогикалық процестегі өзара қарым-қатынасын түсіну;
Мектептің педагогикалық процесі (мектептің оқу-тәрбие процесімен, сынып жетекшісінің) жоспарларымен танысу;
Сыныпта тәрбие жұмысының түрлерін жүргізе білу және әртүрлі әдістер қолдана білу, тәрбие процесін басқара білу;
Педагогикалық қызметте шығармашылық, зерттеу жұмыстарын жүргізе білу.
Достарыңызбен бөлісу: |