Практика Заманауи оқыту: қалай және неге оқыту керек?



Дата27.05.2020
өлшемі36,8 Kb.
#71380
Байланысты:
эссе Дүйсенғали Ф ПМНО-17к


Практика

Заманауи оқыту: қалай және неге оқыту керек?

Заман ағымына сай жан –жақты біліммен қамтамасыз ету заман талабы. Кез-келген уақытта білім берудің міндеті - әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін толық ашу болып келеді. Заманауи оқытудың берері қандай? Замануи оқыту неге оқытады?

Қазіргі заманауи оқыту белсенділікке бағытталған түрде жүзеге асырылып отыр. Бұл - білімнің тиімділігін арттырудың кілті іспеттес. Себебі, заман талабына сай оқытуда балалардың қабілеттері іс-әрекетте көрінеді және белсенділігі іске асырылады. Сонымен қатар, оқытудың жаңа технологияларының әсерінен оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік, танымдық дамуы олардың іс-әрекетін дамыту тиімді болып отыр. Тұлғаға бағытталған бұл заманауи оқытудың өзектілігі жоғары. Өйткені, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыратын мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен бейімділігін ескере отырып, білім беру тапсырмаларының мазмұнын құрастыруда қиындыққа тап бола қоймайды. Заманның талабына сай түрліше оқыту түрлері жүзеге асырылып келеді. Мысалы: шығармашылық деңгейі бойынша, қиындық деңгейі бойынша, көлемі бойынша деген сияқты. Сонымен қатар, барлық оқу пәндері бойынша қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары сәтті жүзеге асырылуда. Жобалау жұмыстарын жүргізе отырып балалардың бойында зерттеушілік қабілеттерді дамытып отыр.

Заманауи оқытудың берер пайдасының тағы бірі бұл – өзіндік пікірді қалыптастыра білу. Кез-келген әрекет әртүрлі адамдармен өзара әрекеттесумен, әңгімелесумен қатар жүреді. Тиімді қарым-қатынас жасау қарым-қатынастың диалогты жүзеге асырумен байланысты. Әр түрлі көзқарастарды, мәселеге көзқарастарды салыстыру және талдау мүмкіндігі, келісу немесе келіспеу секілді өз пікірлерін білдіре білу аса маңызды. Осындай әрекеттер негізінде оқушы бойында түрлі қабілеттер қалыптасады: өзіндік пікір айта білу, өзіне деген сенімділік, проблеманы анықтау мен шеше білу. Сондықтан, оқытуда пікірлесудің берері көп. Бұл аталып отырғандардың барлығы да оқушыны жан-жақты болуға, өзіндік дамуына, бәсекеге қабілетті тұлға болуына үйретіп келеді.



Қорыта келе айтқанда, заманауи оқытудың білім алушылардың барлық жағынан да дамуына пайдасын тигізуде. Осындай белсенді оқытуды қолдана отырып, баланың дүниеге деген көзқарасын қалыптастырып, жеке тұлға болуының себепшісіне айналғандай. Заманауи оқыту неге оқытады деген сауалға осылай жауап бере аламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет