Практикалық жұмы Санау жүйесі (2 сағ) Мақсаты


Жад микросхемалары физикалық құрылымы жағынан екі топқа



бет20/33
Дата16.05.2020
өлшемі0,59 Mb.
#68987
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
Практикалық жұмыс Архитектура

Жад микросхемалары физикалық құрылымы жағынан екі топқа: динамикалық (бағасы арзан ) және статикалық болып бөлінеді. Динамикалық (DRAM) жад микросхемаларында информацияларды жоғалтудан сақтау үшін оны жиі – жиі регенерация деп атап аналық тақшадағы арнайы контроллер арқылы белгілі бір уақытта орындап отырады. Динамикалық жадтың бұл қасиеті одан информацияны жылдам алуға кедергі жасайды. Статикалық жад (SRAM) регенерация процесін қажет етпейді, сондықтан деректерді жылдам алуға мүмкіндік береді. Жад модульдері контактлерінің орналасу ретіне байланысты ZIP, SIP және SIMM болып бөлінеді. Қазіргі кезде контактлері бір қатар болып орналасқан SIMM модулі көп қолданылады. (Single In line Memory Module ). SIMM модулі 30 және 72 контактлі болып бөлінеді. Олар 386, 486 процессорларында қолданылған.

Pentium процессорларында қолданылмайды. Соңғы кезде SIMM –ге ұқсас DIMM 168 контактілі модульдері пайда болды.



Оперативтік жады ерекше логикалық құрылымнан тұрады да 4 категорияға бөлінеді:



  1. Базалық жад (Conventional Memory) – 640 Кб. Оны операциялық жүйе қолданады.

  2. Жасырын немесе жоғарғы жады (Shadow Memory, UBM – Upper Memory Blocks) – ол 640Кб – 1Мб аймақта жатады да сыйымдылығы 384 Кб болады. Оны жүйелік бағдарламаларға қолдануға болады, ал қолданбалы бағдарламалар үшін жұмыс істемейді.

  3. Қосымша жады (Expanded Memory) - сирек толықтырылып тұратын жасырын жадтың бір бөлігі. EMS тәсілі бойынша қолданылады, Lotus Development, Intel және Microsoft фирмалары бірігіп қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеу үшін жасаған.

  4. Кеңейтілген жады (Exрtended Memory) – қолданбалы бағдарламаларға арналған. Бұл жадта жұмыс істеу үшін процессор нақты жұмыс режимінен қорғанып отыруы керек. Бұл операцияны ЕММ386 драйверін пайдаланып процессорлар жылдам орындайды.

КЭШ – жад

Кэш – жады – бұл статикалық оперативті еске сақтау құралы. Ол екі қатарлы контактлі, информация табу уақыты 20 нс болатын микросхема. (DIP – Dual In line Package). Кэш – жады 10 МГц жиілікте жұмыс істейтін процессорлардың пайда болуына байланысты қажет болды. 25 МГц жиілікте жұмыс істейтін процессорлардың периоды 60 – 70 нс. Бұдан процессордың жұмыс істеу өнімділігі азаяды. Бұл жағдайда кэш – жадысы көмекке келеді. Компьютерлерде стандартты кэш – жады 256 Кб, бұл проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Кэш – жиі қажет болатын деректерді сақтауға арналған жадының аймағы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет