Көбейту кестесін кезеңмен қарастырайық:
Кіші разрядқа көбейте отырып, кесте бойынша 000 аламыз.
Келесі разрядқа көбейткенде, бір разряд солға жылжыған 101-ді аламыз.
Үлкен разрядқа көбейткенде де, тағы бір разряд солға жылжыған 101-ді аламыз.
Енді екілік сандарды қосу кестесін есепке ала отырып, қосамыз да, 111102 нәтижені аламыз.
Екілік жүйедегі көбейту кестесі тым қарапайым болғандықтан көбейту тек көбейгішті жылжыту мен қосудан тұрады.
Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды басқа санау жүйелеріне ауыстыру
Сегіздік санау жүйесінің негізі 8, яғни сегіз цифрдан қүралады: 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7. Сегіздік санау жүйесі позициялық санау жүйесіне жатады. Мысалы, 357 сегіздік санда жеті бірлік, бес сегіз және квадраты үш сегіз бар, яғни 3*82+5*81+7*80, мұнда 357 санының индексі «8» санау жүйесін білдіреді. Жазылған қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық әрекеттерді орындай отырып, 3578=192+40+7=23910 аламыз, яғни 357 сегіздік саны 239 ондық санға сәйкес келеді.
Сонымен сегіздік санау жүйесіндегі санды ондық санау жүйесіне аудару үшін ол санды негіздеуішінің дәрежелерінің қосындысы түрінде жазып алып, есептейміз.
Мысалдар:
1)4618= 4*82+6*81+1*80 = 4*64+6*8+1*1 = 256+49 = 305
2) 172,548 = 1*82+7*81+2*80+5*8-1+4*8-2= 64+56+2+0.625+0.0625=122.687510
Достарыңызбен бөлісу: |