Микропроцессордың жалпыланған құрылымы. Микропроцессордың негізгі өндірістік салалары. Болашақтағы микропроцессор. Микропроцессорлық жинақтар Процессорлардың параметрлері мен құрылғыларын сипаттау адамды көбінесе шатастырады. Мәліметтер шинасы мен адрес шинасының разрядтылығы, жылдамдығы секілді процессорлардың кейбір параметрлерін қарастырамыз. Процессорларды екі негізгі параметрлерге жіктеуге болады: разрядтылық және жылдамдық. Процессор жылдамдығы - қарапайым түсінік. Жылдамдық мигагерцпен (МГц) өлшенеді; 1 МГц бір сикундтағы миллион тактіге (қадамға) тең. Жылдамдық жоғары болған сайын процессор тез жұмыс жасайды. Процессор разрядтылығы – күрделілік түсінік. Процессорғаа разрядтылық негізгі параметрі болып табылатын үш маңызды құрылғы болып кіреді: - мәліметтерді еңгізу және шығару шинасы; - ішкі регистрлер; - жады адресінің шинасы. Төмендегі кестеде IBM PC және оған сәйкес келетін компьютерлерде Intel процессорлар тобының негізгі спецификациясы келтірілген. Бұл кестеде Intel фирмасымен сәйкес келетін процессорлар тобының спецификациясы келтірілген. Келесі тарауларда келесі спецификациялар толығырақ қарастырылады. Pentium II және Pentium III процессорлар платасының 512 Кбайтты екінші деңгейлі кэш – жадысынан тұрып, процессордың жарты жиілігінде жұмыс жасайтынына назар аударыңыз. Ал Xeon процессорларының екінші деңгейлі кэш – жадысы 512 Кбайт, 1 Мбайт немесе 2 Мбайттан тұрып, процессордың жиілігінде жұмыс жасайды. Процессор жиілігінде жұмыс жасайтын екінші деңгейлі кэш – жадысы Celeron және Pentium II РЕ, сондай – ақ AMD – K6 – 3 процессорларында орнатылды. Қазірде жаңа процессорлардың барлығында екінші деңгейлі кэш – жадысы процессор жиілігінде жұмыс жасайды. Кестеде транзистор санын көрсету кезінде Pentium Pro және Pentium II процессорларына орнатылған 256 немесе 512 Кбайтты стандартты екінші деңгейлі кэш – жадысы транзисторлар ескерілген жоқ. Екінші деңгейлі кэш – жадысы қосымша 15,5 (256 Кбайт), 31 (512 Кбайт) немесе 62 млн. (1 Мбайт) транзистордан тұруы мүмкін. 50