Microsoft компаниясы ұсынған OneDrive деректер қоймасымен танысып көрейік. Ол үшін кез-келген браузерге Microsoft OneDrive немес https://onedrive.live.com/about/ru- ru/signin/ ресми сілтеме арқылы өтіп, жеке немесе корпоративті аккаунттар арқылы тіркеуден өту қажет (1.1-сурет).
1.1-сурет. Microsoft компаниясы ұсынған OneDrive деректер қоймасына тіркелу
АшылғанOneDrive деректер қоймасының терезесімен танысып шығыңыз. 1-бөлімде: «Мои файлы» – бұлтта құрылған файлдар мен жүктелген файлдар тізімінен тұрады, «Последние»
соңғы құрылған немесе қолданылған файлдар тізбегінен тұрады, «Общие» – басқа қолданушінің Сізге ашқан жалпыға қолжетімдік файлдар тізбегінен тұрады, «Корзина» – жоюға кеткен файлдар тізбегінен тұрады. 2 – бөлімінде жалпыға қолжетімді бума мен файлдар құруға, жіберуге, синхрондау мен автоматтандыруға және сұрыптауға болатын батырмалардан тұрады. «Создать» батырмасын басып, «Папку» қатарын таңдаңыз, жалпыға қожетімді бума (папка) құрыңыз.
1.2-сурет. OneDrive деректер қоймасының терезесі
Құрылған буманы ерекшелеп, жалпыға қолжетімділік берудің түрлері бойынша құрыңыз. Қолжетімдікті «Поделиться» деп электронды пошта арқылы немесе «Компировать ссылку» сілтемесін жіберу арқылы беруге болады.
1.3-сурет. Жалпыға қолжетімділік берудің түрлері
Жалпыға қолжетімдік беру кезінде мұқият болыңыз, себебі жалпыға қолжетімдік берудің параметрлері бар, Сіздің ашқан қолжетімділікті бүкіл OneDrive деректер қоймасын қолданатын қолданушылар көруі мүмкін. Сол себепті қолжетімдікті параметрлердің ішінен қайсысы дұрыс сол бойынша беріңіз. Сонымен қатар, жалпыға қолжетімдікті беру барысында қолжетімдікті алған қолданушы файлды өңдеуге немесе тек қарауға болатын қызметтерін таңдаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |