Практикалық жұмыс №1.
Тақырыбы: Бұлттық сервистер. Жалпыға қолжетімділікті құру.
Мақсаты: Студенттерді жалпыға қолжетімді файлдар құруға және қашықтан бірлесіп өңдеу үшін бұлттық сервистермен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Қазір қажетті файлдарды тасымалдаушы құралдар арқылы (CD-ROM, DVD-ROM, флешжады, қатқыл диск т.б.) үнемі алып жүрудің және оның қауіпсіздігіне алаңдаудың қажеті жоқ. Көмекші құрал ретінде қажетті құжаттарды арнайы бұлттық қоймаларда сақтауға болады.
Бұлттық деректер қоймасы (cloud storage) – онлайн қойманың үлгісі, арнайы сатып алынған немесе жалға алынған жеке сервер- лерде деректерді қауіпсіз түрде сақтау моделі. Демек, бұлттық сервис түрлерін пайдаланып, кез келген деректерді қорғалған желіде сақтауға және сақталған ақпарат қауіпсіздігіне алаңдамау- ға болады. Бұлттық деректер қоймасын құру алдымен, бұлттық сервис түрлері ұсынған қойма көлеміне байланысты. (1-кесте).
кесте. Бұлттық деректер қоймасы
№
|
Қызмет түрлеріне қарай ұсынған бұлттық дерек- тер қоймасының атауы
|
Шектеулі түрде тегін берілетін көлемі
|
1
|
Mega
|
50 ГБ
|
2
|
Mail бұлт
|
25 ГБ
|
3
|
Google компаниясынан Google Диск
|
15 ГБ
|
4
|
Яндекс компаниясынан Яндекс.Диск
|
10 ГБ
|
5
|
Box.net
|
10 ГБ
|
6
|
Microsoft компаниясынан OneDrive
|
5 ГБ
|
7
|
Apple компаниясынан iCloud Drive
|
5 ГБ
|
8
|
SugarSync Inc компаниясынан SugarSync
|
5 ГБ
|
9
|
OpenDrive
|
5 ГБ
|
10
|
Dropbox компаниясынан Dropbox
|
2 ГБ
|
Бұлттық деректер қоймасында жұмыс жасау тиімділігі:
техникалық құрылғылардың арнайы жадында деректерді сақтауды қажет етпейді, себебі бұлттық деректер қоймасының виртуалды жадында сақталады;
сақталған деректер көлеміне шектеулер жоқ, көрсетілген тарифтік жоспар бойынша қалаған көлемге ұлғайту мүмкіндігі бар (ақылы түрде);
ақпаратқа бірлесіп қолжеткізуге болады;
бұлттық қоймалардағы файлдарға қатынауды ашу, басқа пайдаланушылармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді және барлық қызмет түрлерін нақты уақыт режимінде жүргізуге болады;
ақпараттарды вирустардан және рұқсатсыз қол сұғудан абсолютті қорғайды;
бұлттық деректер қоймасында сақталған мәліметтерге алаңдамауға болады, өйткені қауіпсіздік шаралары сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |