CONSTANTS
<тұрақтыларды хабарлау>
DOMAINS
< объектілерді хабарлау>
DATABASE
<мәліметтер қорының параметрлерін хабарлау>
PREDICATES
<предикаттарды сипаттау>
CLAUSES
<логикалық сөйлемдерге арналған бөлім>
GOAL
<мақсатты сипаттау>
Жоғарыда келтірілген бөлімдердің көбі программа болуы міндетті емес. GOAL бөлімінің программада болуы міндетті емес. Егер Сіз программаның компиляцияланғанын қаласаңыз, онда бұл бөлім программада жазылуы керек№
Пролог-программаның қарапайым мысалы:
GOAL
write("тра-ля-ля").
Прологтағы программа фактілер тобымен және қағидалардан құралады. Егер программада тек қана фактілер кездесетін болса, онда оларды мәліметтер қоры деп атайды. Егер фактінің құрамында қағидалар бар болса, онда білімдер қоры деген термин қолданылады.
Прологты іске қосу үшін Prolog.exe файлын ашып, Enter пернесін басу керек. Экранға Пролог программасының жұмысшы аймағы шығады. Ол мынадай бөліктерден тұрады:
1. Тақырып жолы.
2. Бас меню
File – файлды өңдеу
2) Edit- мәтінді өңдеу
3)Run – программаны орындауға жіберу
4)Compile - трансляциялау
5) Options -опциялар
6)Setup – программаны қалыпқа келтіру (настройка)
3.Message – хабарлама шығару
4. Trace - трассировка
5. Кейбір функционалдық пернелердің қызметі
Программадан шығу үшін Alt+X пернелерін басу керек.
Бас меню қатарында бір опциядан келесі опцияға көші үшін ESC пернесін басып, және пернелері пайдаланылады. Программаны жазу үшін әуелі File қатарынан New File пунктін таңдаймыз.
Келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Экранда сұраснысты енгізуге арналған шақыруды, Run қатарын таңдау арқылы шығарамыз:
Goal:
2. Сұраныс шақырудан кейін шығарылады және міндетті түрде нүктемен аяқталады, төмендегі мысалды енгізіңіз, нәтижеге көңіл аударыңыз:
Goal: 5+4<3.
No
Пролог сұранысқа талдау жасайды және бекітім ақиқат болған жағдайда Yes (Иә) деп жауап береді, және керісінше жағдайда немесе жауап табылмаған жағдайда No (жоқ) деп жауап береді .
Пролог тіліндегі программа мәтіндік файлады сақталады, оның кеңеймесі *.pro.
Енгізу-шығару.
write(<объект>) - Стандартты типті объектіні шығару
readln(<жол>) - Жолды енгізу
readint(<бүтін>) - Бүтін санды объектіні енгізу
readreal(<нақты>) - Нақты типті объектіні енгізу
readchar(<символ>) - Char типті объектіні енгізу
Тапсырмалар:
Клавиатурадан алғашқы программа тестін енгізіңіз:
predicates
run
goal
run.
clauses
run:-
write(“fam,name’),nl,
write(“Turbo Peolog’),nl.
Run командасына көшу үшін esc пернесін басу керек. Осы кезде шыққан нәтижеге назар аударыңыз.
Жүйенің өңдеу командасына кіріп мынадай өзгеріс енгізіңіз. Топ номері жаңа жолдан енгізілетін болсын.
жаңа кез келген жол қосыңыз
Блиц-тест: Адамның ойлау процесінің соңғы нәтижесі
А) мақсат деп аталады B) модель деп аталады
С) эксперттік жүйе деп аталады D) жасанды интеллект деп аталады E) механизм деп аталады
Роботты техникалық қондырғыларды басқару жүйесін тұрғызудың тиімді құрал
А) шығару механизмі B) локальды желілер
С) корпоративті желілер D) нейрон тәрізді желілер E) жұмысшы жады
3. Есептің ағымдық мезетте шешіліп жатырған берілген және аралық мәліметтерін сақтауға арналған
А) диалогтық компонент B) мәліметтер қоймасы
С) түсіндіру компоненті D) нейрон тәрізді желілер
E) пролог тілі