Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады.
Атрибут – объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады. Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт – объектінің (жазбаның) әрбір данасы бірегей түрде ұқсастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.
Деректер қоры ұғымыммен деректер қорын басқару жүйесінің ұғымы тығыз байланысты.
Кез келген ДҚБЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
· кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
· кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
· кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы міндерді жаңарту;
· берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
ДҚБЖ-ның тағы бір функциясы – мәліметтердерді басқару.
Деректер моделі дегеніміз – деректер құрылымының және оларды өңдейтін операциялардың жиынтығы. Деректер моделінің негізгі түрлері – иерархиялық, желілік және реляциялық.