Психогигиена – бұл
адамдардың
жүйкелік
психикалық денсаулықтарын және психосоматикалық денсаулықтарын сақтауға сонымен
қатар еңбекте (әсіресе интеллектуалдық), оқуда және күнделікті ӛмірде жақсы жағдай
құруға бағытталған шаралар жүйесі. Кӛрсетілген мәселелерді зертейтін медицинаның
саласын да психогигиена деп атайды. Психогигиенаның мақсаты тиісті ортаны
ұйымдастыру, оның ішінде адамдардың күн тәртібі мен ӛмір салтын жақсартатын
әлеуметтік ортаны ұйымдастыру жолдарымен психикалық денсаулықты сақтау және
күшейту.
Психологиялық реабилитация - ӛз ӛмірлерінде психологиялық травмадан
туындаған күшті стрессті бастарынан кешірген адамдар қажет ететін кӛмектің арнайы
формасы. Ол қарым қатынастары мен іс әрекеттерінің қалыпты психикалық қызмет етуін
қалпына келтіру мақсатында жүзеге асады. Реабилитацияны табиғат, техногенді және
әлеуметтік апаттарды бастарынан кешірген адамдар қажет етеді. Психологиялық
реабилитация Чернобыльдегі АЭС (1986) тегі апат құрбандарына, еріксіз қоныс
аударғандарға, соғыс және әскери жанжалдар ардагерлеріне, күнделікті ӛмірде
психикалық травмалар алған адамдарға қажет.