Физикалық эксперимент Демонстрациялық Зертханалық Фронталь зертханалық жұмыстар мен бақылаулар Физикалық практикум Үйде орындалатын тәжірибелер Фронталь зертханалық жұмыстар және бақылауларда сыныптың барлық студентлары жұмысты бір тақырыпқа орындайды және бірдей жабдықтармен пайдаланады. 7-8 сынып студентларына физика бағдарламасы бойынша көзделген зертханалық жұмыстар осындай тәсілмен өткізілуге есептелген. Ол бүкіл сабақ бойынша есептелген, ұзартылған және 5-10 минутқа есептелген қысқа уақытты болуы мүмкін.
Физикалық практикум – зертханалық жұмыстардың күрделі түрі, сондықтан да ол жоғарғы сыныптарда өтіледі. Мұнда студентлардың әр тобы түрлі жұмыстар орындайды. Физикалық практикум жұмысы фронталь жұмыстарға қарағанда күрделірек келеді және оған уақыт көбірек керек (оған 2 сабақ жіберіледі).
Үйде орындайтын эксперименттік жұмыстар – үй тапсырмасының ерекше түрі болып табылады, оларды орындауда студентлар үй- тұрмысындағы нәрселерді қарапайым қолдан жасалған приборларды қолданады, бақылаулар және тәжірибелер жасайды.
Үйде орындайтын эксперименттік жұмыстар студентларға оқып үйренілген физикалық заңдардың қоршаған өмірдегі көрінісін көре білуде себі тиеді, сөйтіп теориялық түрде оқып-үйренгендерін практикада пайдаланады.