Практикалық/ зертханалық (семинар)



Дата07.02.2022
өлшемі13,4 Kb.
#88324
түріСеминар
Байланысты:
1 Практикалық 'djk.wbz


1 Практикалық/ зертханалық (семинар) сабақтың тақырыбы:
Көне замен философтарының табиғатқа көзқарасын № 1 кестені толтыру.
Кесте 1

Көне заман философтары

Табиғат туралы ұғымдар

Аристотель

Аристотель 4 себепті мойындайды. 1-себеп -материя, ол - қалыптасудың пассивті мүмкіндігі. 2-себеп - форма (түр), ол - мәндік болмыс, материядағы мүмкіндіктің шындыққа айналуы. 3-себеп - қозғалыс бастауы. 4-ші себеп – мақсатық себеп. «Табиғат, - Аристотель айтуынша, - бұл материядан формаға өтудің бірінен кейін бірі келіп отыратын тізбегі». Аристотель материяда пассивті бастауды көрді. Ал активтілікті тек формаға ғана таңды. Қозғалыс пен мақсат та формадан бастау алады. Қандай қозғалыстың формасы болмасын, қайнар көзі - құдай деп білді. 

Гераклит

Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазір де бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит «логос» деп атайды.

Эмпедокл

Грецияның философы Эмпедокл (490-430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн түсiндiрмекші болды. Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас ағзалар құралады деп жорамалдады. 

Демокрит

Демокрит бойынша әлемнiң барлығы көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады.

Лукреций Кар

Ион мектебiнен басталатын материалистiк философия саласы ежелгi уақытта Рим философы және ақыны Лукрецкий Кардың мәлiмдемесiмен аяқталды. Атақты ақын «Табиғат заттары туралы» поэмасында Лукреций Кар алғаш рет табиғатта жүріп отыратын табиғи сұрыптау туралы түсiнiк енгiздi.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет