Практикум 1-блок 1-билет. Кинематика


Бірінің мәнінің анықталмағандығы екіншісін өлшеу дәлдігіне тәуелді шамалар жұбын (мысалы, х пен р



бет45/52
Дата26.12.2021
өлшемі338,24 Kb.
#128722
түріПрактикум
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Байланысты:
практикум 1 блок

Бірінің мәнінің анықталмағандығы екіншісін өлшеу дәлдігіне тәуелді шамалар жұбын (мысалы, х пен рx) түйіндес шамалар деп атайды.

Түйіндес емес (мысалы, у пен рy) шамаларды анықтау дәлдігіне ешқандай шек қойылмайды.

Гейзенберг 1927 жылы анықталмағандық принципін тұжырымдады.

Координатаның анықталмағандығы мен оған сәйкес импульс проекциясының анықталмағандығының көбейтіндісі һ шамасының мәнінен кіші болуы мүмкін емес.

Анықталмағандық қатынастары мынадай:

ΔхΔрx≥ħ, ΔуΔру≥ħ, ΔzΔрz≥ħ.

Анықталмағандық қатынастары өлшеу әдісінің немесе өлшеуіш құралдардың дәлдігіне байланысты емес. Бұл бөлшектердің корпускулалық-толқындық екіжақтылық қасиетінен шығатын принциптік сипаттағы қатынастар.

Классикалық физикада координата мен оған сәйкес импульстің проекциясы бір мезгілде жоғары дәлдікпен өлшенеді, сондықтан бөлшектің траекториясы да дәл анықталады. Анықталмағандық қатынастары классикалық механиканы микробөлшектерге қолдануға кванттық шектеу қояды. Мысалы, оған сүйеніп микробөлшектің траекториясы туралы қандай дәлдікпен айта алтынымызды бағалауға болады. Δрx = mΔvx болғандықтан,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет