Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады


«Паули принципі. Рентгендік спектрлер» бойынша



бет35/57
Дата08.11.2022
өлшемі2,08 Mb.
#156962
түріПрактикум
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Байланысты:
treatise136775
Тарих РК, витаминдер, витаминдер, -9786010422438-9786010422452 convert compress, -a-9786010446380 convert compress, Силлабус КЖКФ 2015 4к яд, -9786010422438-9786010422452 convert, treatise8925
1.3.4. «Паули принципі. Рентгендік спектрлер» бойынша
бақылау жұмыстары үшін есептер


І
1. Толған электрондық қабатқа n = 2 бас кванттық саны сәйкес келеді. Осы қабатта мына кванттық сандары бірдей: 1) mS = -1/2; 2 m = -1, mS = +1/2 болатын электрон санын анықтаңыз.
2. Алюминий атомының толған ішкі қабықтарынан тыс екі 3s-электроны бар. Оның негізгі күйі термінің символын жазыңыз.
3. Элементтің сипаттауыш рентген сәулесі К-сызығының толқын ұзындығы – 72 пм. Элементтің периодтық кестедегі реттік нөмірін анықтаңыз.
ІІ
1. Толған электрондық қабатқа n = 3 бас кванттық саны сәйкес келеді. Осы қабаттағы мына кванттық сандары: 1) m = 0; 2) m = 2, mS = -1/2; 3) m = -1, mS = -1/2 бірдей болатын электрон санын анықтаңыз.
2. Рентген түтікшесіндегі кернеуді 10 кВ-тан 20 кВ-қа дейін өсіргенде К -сызық пен қысқа толқынды шекара толқын ұзын­дық­тарының аралығы 3 есе өскен. Түтікшенің антикатоды қандай металдан істелген?
3. d және f-электроннан тұратын екі электрондық жүйеде қан­ша әр түрлі терм типі болуы мүмкін


ІІІ
1. Атомның N- және О-қабаттарында бола алатын s-, p-, d-, f- және g-электрондардың қосынды max санын анықтаңыз.
2. Атомның толмаған қабығының электрондық кон­фи­гурациясы – nd2. Осы атомның мүмкін болатын термдерін анықтаңыз.
3. Вольфрам (z = 74) атомындағы электрон M-қабаттан L-қабатқа кванттық ауысу жасайды. Экрандау тұрақтысын   5,63, деп алып, шығарылған фотонның энергиясын анықтаңыз.


IV
1. Электрондық конфигурациясы 1s22p4f атомның мүмкін болатын спектрлік термдерін анықтаңыз.
2. Цинктің (z = 30) К-сәулесі темірдің (z = 26) К-қабатынан жұлып шығаратын фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясын және жылдамдығын табыңыз.
3. Гелий атомындағы электронның біреуі n = 1 күйде, екіншісі n = 2 күйде тұр. Мүмкін болатын электрондық конфигурацияларды және күйлердің белгіленулерін жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет