Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады


«Бірэлектронды атомдық жүйелер» тақырыбы бойынша бақылау жұмыстары үшін есептер



бет23/57
Дата08.11.2022
өлшемі2,08 Mb.
#156962
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57
Байланысты:
treatise136775

1.2.4. «Бірэлектронды атомдық жүйелер» тақырыбы бойынша бақылау жұмыстары үшін есептер


І

  1. Литий атомының валенттік электронының 2S және 2P күй­лердегі байланыс энергиясы тиісінше, 5,39 және 3,54 эВ-қа тең. Осы атомның S және P термдері үшін кванттық ақауларды есептеңіз.

  2. Электроны бас кванттық саны n = 4 күйде тұрған сутегі атомының термдерінің спектрлік белгіленулерін жазыңыз.

  3. Калийдің резонанстық сызығы – дублет, оның құраушы­ларының толқын ұзындықтары – 769,898 және 766,491 нм. Осы деректер бойынша калий атомының 4P деңгейінің жіктелуін (эВ-та) табыңыз.



ІІ

  1. Литий атомы: а) 4S; ә) 4P күйден негізгі күйге кванттық ауысқанда сұрыптау ережелері рұқсат ететін қанша спектрлік сызық пайда болады?

  2. Натрий атомының негізгі 3S термінің және 3P термінің кванттық ақаулары тиісінше 1,37 және 0,88-ге тең. Осы атомның иондану потенциалын және бірінші қоздыру потенциалын анықтаңыз.

  3. Li++ иондарының2P→1S сызығының дублеттік құраушы­лары толқын ұзындықтарының айырымын анықтаңыз.



ІІІ

  1. Ве+ ионының бас сериясы сызығының және оның қысқа толқынды шекарасының толқын ұзындықтары – 321,0 және 68,3нм. Осы деректер бойынша Ве+ ионы үшін S-және P-термдерінің кванттық ақауларын және айқын серияның бас сызығы толқын ұзындығын есептеңіз.

  2. Сутегі атомында 2P-күйде тұрған электронның Е толық энергиясын, Le орбиталық моментін және µL магниттік моментін есептеңіз.

  3. Цезий атомы айқын сериясының бас сызығы (7S→6P)-дублет, оның құраушыларының толқын ұзындықтары – 1469,5 және 1358,8нм. 6P-термінің жіктелу шамасын (эВ-та) анықтаңыз.



IV

  1. Литий атомы валенттік электронының негізгі күйдегі байла­ныс энергиясы – 5,39 эВ, бірінші қоздыру потенциалы 1,85 В және диффузиялық серияның бас сызығының толқын ұзындығы – 610 нм. Осы атомның S-, P- және D – термдерінің кванттық ақауларын есептеңіз.

  2. Сутегі атомындағы электронның орбиталдық импульс мо­мен­тін 1,83·10-34Джс-қа тең деп есептеп, электронның орбиталық магниттік моментін анықтаңыз.

  3. Не+ ионы үшін бас кванттық саны n = 2 деңгейінің нәзік түзілісі құраушыларының аралығын (см-1-де) есептеңіз.



V
1. Сутегі атомы үшін Бальмер сериясының бас сызығы нәзік түзілісінің құраушылары санын және шеткі құраушыларының аралығын (см-1) анықтаңыз.
2. Негізгі күйде тұрған сутегі атомы энергиясы 10,2 эВ жарық квантын жұтады. Қоздырылған атомдағы электрон P-күйде болады. Электронның орбиталық импульс моментінің өзгерісін анықтаңыз.
3. Натрий атомының бас сериясының қысқа толқынды шекарасына λ = 243 нм толқын ұзындығы сәйкес келеді. Атомның иондану потенциалын және ΔS кванттық ақауын анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет