1.5. Екі атомды молекулалар
1.5.1. Қысқаша теориялық кіріспе.
Молекуланың айналысы
Екі атомды молекуланың айналыс энергиясы (қатаң ротатор жуықтауында):
(Дж) (1.5.1)
Айналыс кванттық саны: J = 0,1,2,…
Айналыс тұрақтысы:
(Дж). (1.5.2)
Инерция моменті: (қатаң ротатор үшін r = const).
Келтірілген масса: .
1.14-сурет. Екі атомды молекуланың
энергетикалық айналыс деңгейлер жүйесі және жұтылу айналыс спектрі
Екі атомды молекуланың термі (энергиясы) (см-1):
(см-1). (1.5.1а)
Молекуланың айналыс тұрақтысы (см-1):
. (1.5.2а)
Айналыс күйлері арасындағы кванттық ауысулар мына сұрыптау ережесіне бағынады:
. (1.5.3)
Кванттық ауысу энергиясы:
. (1.5.4)
Тұрақты дипольдық моменті бар молекулалар ғана әр түрлі айналыс деңгейлері арасында кванттық ауысу жолымен сәулені шығара алады немесе жұта алады.
Қатаң емес ротатордың айналыс энергиясы:
(1.5.5)
D – центрден тепкіш созылу тұрақтысы.
Айналыс деңгейінің қоныстануы:
. (1.5.6)
J кванттық санының мәні:
(1.5.7)
болғанда қоныстанудың максимумы алынады. Айналыс спектрінен молекуланың инерция моменті, байланыс ұзындығы, изотоптардың атомдық массасының дәл мәні анықталады. В айналыс тұрақтысының тербеліс кванттық санынан тәуелділігін
(1.5.8)
деп өрнектеуге болады, мұндағы Be – потенциалдық энергия қисығының минимумына қатысты айналыс тұрақтысы, αe – тербеліс-айналыс әсерлесудің тұрақтысы.
Достарыңызбен бөлісу: |