Электронның спиндік импульс моменті және спиндік магниттік моменті 17. Электронның спиндік импульс моментін LS және осы моменттің сыртқы өріс бағытына LSZ проекциясын есептеңіз.
18. Электронның спиндік магниттік моментін µSжәне осы моменттің сыртқы өріс бағытына µSZпроекциясын есептеңіз.
19. Жылдамдығы υ = 0,6 км/с күміс атомдары жіңішке саңылау арқылы өткізіліп, біртекті емес магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр бағытталады (Штерн және Герлах тәжірибесі). Ұзындығы l= 6 см өрісте атомдық шоқ екіге жіктеледі. Жіктелген шоқ құраушыларының өрістен шыққандағы арақашықтығы b= 3 мм болатын магнит өрісінің біртекті еместігінің дәрежесін анықтаңыз.
20. Штерн және Герлах тәжірибесінде сутегі атомдарының жіңішке шоғы ұзындығыl= 8 см көлденең біртекті емес (
= 2кТл/м) магнит өрісі арқылы өткізіледі. Сутегі атомдарының жылдамдығы – υ = 4 км/с. Атомдар шоғының магнит өрісінен шыққанда жіктелген құраушыларының b арақашықтығын анықтаңыз. Шоқтағы сутегі атомдары негізгі күйде болады.