53
Қызметкерлердің (сатушылар мен қойма басшысының) әрекеті заңды
ма? Мәселені заң бойынша шешіңіз.
Есеп 3
Такси жүргізушісі Уразов жол апатына ұшырап, соның салдарынан
қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Екі аптадан кейін тергеуші оның ісіне
қатысты сот ӛндірісін тоқтатады. Уразовпен толық материалдық жауаптылық
туралы шарт жасалғандықтан, такси әкімшілігі одан жол апатына байланысты
кеткен шығындардың орнын толтыру үшін сотқа талап арызын береді.
Талап сомасы мыналарға негізделіп отыр:
1.
автокӛлікті жӛндеуге байланысты шығындар;
2.
2 күн кӛліктің жӛндеуде тұрған уақытына берілетін табыстың сомасы;
3.
жолаушының ұзақ уақыт еңбекке қабілетсіздігіне байланысты
тӛленген сома.
Сот қандай шешім шығаруы қажет?
Есеп 4
Сауда үйінің (жеке кәсіпкер) күзетшісі жұмыс орнынан кетіп қалған.
Күзеттің жоқтығын пайдаланған қылмыскерлер сауда үйінен 115 000 теңгенің
тауарын ұрлап кеткен. Меншік иесі күзетшіге келтірілген шығынның орнын
толық кӛлемде қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінеді.
Қалалық сот күзетшінің 50 000 теңге ғана жалақы алатындығымен
негіздеп, талап сомасының кӛлемін азайтады.
Соттың әрекеті дұрыс па? Нақты істі шешу барысында қандай
нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: