Аммоний тұздарының қыздыруға қатынасы 5.Аммоний хлоридін термиялық ыдырату. Ұзындығы 20 см және диаметрі 1 см шыны түтікке амоний хлоридін салыңдар. Екі шыны таяқшаның көмегімен, оны түтіктің ортасына 3 см болатындай қысып нығыздаңдар. Алынған қабаттан 2-3 см қашықтықта тағы да аздап аммоний хлоридін салыңдар. Түтіктің екі шетіне көк және қызыл лакмус қағаздарын қойыңдар. Түтікті ұстауыш арқылы тұрғыға қисайтып бекітіңдер де, нығыздалған қабаттан төмен орналасқан аммоний хлоридін қыздырыңдар. Лакмус қағаздарының түстері неліктен өзгереді? Аммоний хлоридінің термиялық диссоциациясының теңдеуін жазыңдар. Газдардың диффузия жылдамдықтары мен олардың молекулалық массалары қалай байланысқан? Аммоний хлоридінің ыдырау нәтижесінде түзілген газдардың қайсысы тез және қанша есе диффузияға ұшырайды?