1. Ванадий (V) оксидін алу және оның қасиеттері.
Отбақыраш қақпағына 0,3-0,5 г аммоний ванадатын салып, шыны таяқшамен араластыра отырып жанарғымен қыздырыңдар. Тұздың қызыл-қоңыр түсті V2О5 түзе ыдырауын байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған ванадий (V) оксидін үш сынауыққа бөліп салыңдар. Біреуіне 2 М натрий гидроксидін, екіншісіне-концентрлі күкірт қышқылын ((=1,84 см3) құйып қыздырыңдар да, ал үшінші сынауыққа су қосып, оны индикатормен тексеріңдер. Реакциялық ортаны анықтаңдар. Ертіндінің түсін байқаңдар. V2O5 сілті және қышқылмен әрекеттесу реакцияларының теңдеуін жазыңдар. Ванадий (V) оксидінің химиялық сипаты жайында қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |