Құмды жылытқыштар. Жоғары температураға дейін қыздыру үшін құмды жылытқыштарды жиі қолданады. Түбі құрғақ ұсақ түйіршікті құм қабатымен жабылған металл ыдысқа қыздырылатын ыдысты орналастырып, оның жан-жағынан құмды сеуіп тастайды (көбінесе құм толтырылған жылытқышқа қателесіп ыдысты орналастыруға әрекет жасайды). Құмды жылытқышты газ жанарғысының жалынымен немесе электр плитасымен қыздырады.
Егер құм қалың болса, онда жылу берілу жеткіліксіз болады, сондықтан дөңгелек түпті құтыларға арналған жартылай сфералы құмды жылытқыштардың формасы жазық болғаны дұрыс. Құмды жылытқыштар бірқалыпты қызады, осының салдарынан олармен жұмыс істегенде тұрақты температураны ұстап тұру қиын. Құмды жылытқыштар майлы жылытқыштарға қарағанда біршама қауіпсіз.
Шайғыш. Шайғыш деп тұнбаны сүзгіге ауыстырғаннан кейін, оларды сұйық ағынымен шаюға болатындай етіп жасалған ыдысты айтады (10 сурет). Шайғыш ретінде сыйымдылығы 300-500 мл екі түтік орнатылған резеңке тығынды қарапайым жазық түпті құты бола алады.
Олардың біреуі өткір бұрыш жасай майыстырылған және ұшы тарылған, екінші ұшы құтының түбіне дейін түсірілген; екінші майыстырылған түтік құтының ішіне бір-екі см - дей кіреді. Қысқа түтік арқылы ауа үрлейді, су қысымның әсерінен жіңішке ағын