Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Қышқылдық-негіздік индикаторлар жиынтығын пайдаланып белгісіз ертіндінің рН-ын анықтау



бет97/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

1. Қышқылдық-негіздік индикаторлар жиынтығын пайдаланып белгісіз ертіндінің рН-ын анықтау. Ерітіндінің рН-ын индикаторлар жиынтығының көмегімен анықтау, зерттейтін ерітіндіге әртүрлі индикаторлар қосқанда олардың түстерінің өзгеруіне негізделген. Әрбір индикатор ерітіндінің белгілі бір мөлшеріне қосылады және бірнеше рет бақылау негізінде рН анықтауға болады. Индикатор жиынтығы рН ортаны 0,5 рН дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеуді ауысу ауданы рН 7 индикатордан бастаған дұрыс. Ерітіндінің азғана бөлігін сынауыққа құйып, ортада жатқан ауысу интервалдарының арасындағы қажетті индикаторды мысалы, фенолфталеин қосыңдар. Егер ерітінді алқызыл түске өзгерсе, онда орта сілтілік (рН 10-14) және кейінгі рН-анықтау үшін бақылауларды ауысу интервалы сілтілік ауданда жататын индикаторлардың, яғни сары ализарин және индигокармин көмегімен жүргізу керек, Егер фенолфталиен бірінші үлгіде түссіз болса, онда рН<8 болғаны. Мұндай жағдайда алдағы бақылауларда рН-ты анықтау үшін қышқылдық ауданда жататын индикаторлардың көмегін пайдаланыңдар, олар паранитрофенол, метилоранж және метилвиолет. Әрі қарай метилоранжды қосқан дұрыс (не себепті?).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет