Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер



бет122/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: сынауықтар, бром суы, йодтың ұсақ кристалдары, бензол, индиго ерітіндісі, сілті ерітіндісі, күкірт қышқылы (сұйыт.), крахмал.

1. Хлор суын алу және оның қасиеттері.
Дистилденген суы (6-8 мл) бар сынауыққа хлор жіберіңдер. Алынған ерітіндінің түсі мен иісіне көңіл аударып, реакция теңдеуін жазыңдар. Хлор суында еріген хлор және су, HCl, HClО болатынын қалай дәлелдеуге болады?
Алынған хлор суын екіге бөліңдер де, оның біреуіне 0,2-0,3 мл бензол құйып, тығындап, қатты сілкілеңдер. Бензол бетіне қалқып шыққанда, оның түсіне назар аударыңдар.
Хлор суының әсерін индиго ерітіндісі мен боялған матаға сынаңдар. Қандай зат ағартқыш әсер көрсетеді? Сынауыққа хлор суының екінші бөлігін құйып, сілті ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Алынған ерітіндіні иіскеп көріңдер. Сілті қосқан кезде хлор суында қандай процестер жүреді? Хлор мен су арасындағы реакцияның тепе-теңдігіне сілті қандай әсер етеді? Сынауыққа қышқылдық реакцияға дейін сұйытылған күкірт қышқылын қосып, қайта иіскеп көріңдер. Жүретін процестерді түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет