Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, магний тұзы (MgCІ2 немесе MgSО4), әк суы, баритті су, CaCІ2, SrCІ2 және BaCІ2 ерітінділері, сұйытылған NaOH.
Сынауыққа магний тұзының қандай да бір ерітіндісінің 1-2 мл құйып, оған әк суын Са(ОН)2 қосыңдар да, байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл тәжірибеден Мg(ОН)2 және Ca(ОН)2 ерігіштіктері жайында қандай қорытынды жасауға болады? Mg(ОН)2 сілтілер тобына жата ма? Кальций тұзының ерітіндісін және баритті су Ва(ОН)2 алып тәжірибені қайталаңдар. Бұл жағдайда тұнбаның құрамы қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакциядан Са(ОН)2 және Ва(ОН)2 салыстырмалы ерігіштігі жайында қандай қорытынды жасауға болады?. Үш сынауыққа СаСІ2, SrCІ2, BaCІ2 тұздарының ерітінділерінен 1-2 мл алып, сұйытылған NaOH ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбалардың массаларына көңіл бөліңдер. NаOH ерітіндісінің орнына аммиак ерітіндісін алып, тәжірибені қайталаңдар. Алдынғы тәжірибелердің нәтижелерімен салыстырыңдар.
Не себептен берилий және магний гидроксидтерін тұздардың сілтілерімен алмасу реакциясы арқылы, ал сілтілік-жер элементтердің гидроксидтерін көбінесе оксидтердің сумен әрекеттесуі нәтижесінде алады?
Сілтілік-жер металдардың гидроксидтерінің ерігіштігін салыстырыңдар. Негізгі топтың екінші топшасындағы Ве(ОН)2Ва(ОН)2- қатарындағы металдар гидроксидтерінің қасиеттері қалай және не себептен өзгереді? Олардың қайсысы сілтіге жатады?
№ 83 жұмыс. Карбонаттар және бикарбонаттар
Достарыңызбен бөлісу: |