Қажетті құралдар мен реактивтер: натрий амальгамасы (ғ 86 жұмыста алынған) дистилденген суы бар стакан, фенолфталеин.
Натрий амальгамасын суға салып, ерітіндіде сілті түзілгеніне көз жеткізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
№ 89 жұмыс. Натрий карбонатынан натрий гидроксидін алу
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сусыз натрий карбонаты, 300 мл дөңгелек түпті құты, кәрлен сынықтары, металл тұрғы, ұсақталған сөндірілген әк, жылытқыш аспап, құйғы, сүзгіш қағаздар, ареометрлер жиынтығы, дистилденген су.
|
100 мл суда сусыз натрий карбонатын ерітіп, оны дөңгелек түпті құтыға құйып, құтының түбіне кәрлен сынықтарын салыңдар да (не үшін?), тұрғыға орнатыңдар. Құтыдағы ерітіндіні қайнағанша қыздырып, оған ұсақталған сөндірілген әк қосыңдар.
Құтыға құйғымен (не үшін?) көлем тұрақты болу үшін су құя отырып ерітіндіні бір сағаттай қайнатыңдар. Суыған соң ерітіндіні сүзіп, оның көлемін және тығыздығын өлшеңдер. Кальций гидроксиді мен карбонатының ерігіштік мәндерін қараңдар.
Реакция теңдеулерін жазыңдар. Бұл процестің натрий гидроксиді түзілу бағытына қарай жүруін түсіндіріңдер. Осындай әдіспен калий гидроксидін алуға бола ма?
№ 90 жұмыс. Сілтілік металдардың тұздары.
Достарыңызбен бөлісу: |