2. Мырыш гидроксидін алу және оның қасиеттері. 1-2 мл мырыш сульфаты немесе хлоридіне аздап (0,5 мл) 1 М натрий гидроксидін құйыңдар. Тұнба түзілгенін байқап, сол тұнбаны 2 сынауыққа бөліңдер де, біреуіне сұйытылған тұз қышқылын, екіншісіне-тұнба ерігенше 1 М сілті ертіндісінің артық мөлшерін қосыңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
3.Мырыштың комплексті қосылыстары. 1-2 мл мырыш сульфаты немесе хлориді ерітіндісіне аздаған аммиак ерітіндісін құйыңдар да, ақ тұнба түзілгенін байқаңдар. Тұнба ерігенше тағы да аммиак ерітіндісін құйыңдар. Не себептен мырыш гидроксиді аммиакта ериді? Қандай жағдайларда мырыш гидроксиді толық тұнбаға түседі? Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар.
№ 126 жұмыс. Кадмий және оның қосылыстары
Достарыңызбен бөлісу: |