2. Бром қасиеттерін зерттеу.
Бром суы бар сынауыққа магний, мырыш, немесе алюминий ұнтағын салып сілкілеңдер. Ерітіндінің түссіздену себебін түсіндіріп, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
№ 35 жұмыс. Йод алу және оның қасиеттерін зерттеу
Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: отбақыраш, кәрлен үшбұрыш, йод кристалдары, сынауықтар, калий иодиді, марганец диоксиді, этанол, бензол, крахмал ерітіндісі, алюминий, мырыш, күкірт қышқылы (конц.).
|
1. Йодтың алынуы
0,5 г калий йодиді мен марганец диоксидін өлшеп, отбақырашқа салып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Қоспасы бар отбақырашты кәрлен үшбұрышына қойып, 3-4 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып, суық су толтырылған кішкентай құтымен отбақырашты жабыңдар. Құтыны тұрғы бекіткішіне бекітіңдер де, бірнеше минут бойы отбақырашты жаймен қыздырыңдар. Сонда не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |