Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер



бет131/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тамшылағыш құйғы, йод кристалы, қызыл фосфор, лакмус, мырыш, магний, натрий ацетаты, қорғасын ацетаты, мәрмәр, күміс нитраты, фосфор қышқылы (60%).

1. Тартқыш шкафтың астында 39-суреттегідей құрылғы жинаңдар. Сынауыққа 1-2 г йод және 0,5 г қызыл фосфор салыңдар. Тамшылағыш құйғыға (2) бірнеше мл су, сынауыққа (4) 3-5 мл су құйыңдар. Газ шығаратын түтіктің ұшы қабылдағыш суының беткі қабатына жақынырақ болуы керек. Неліктен оны суға батыруға болмайды? Тамшылағыш құйғыдан судың бір тамшысын тамызып, не болатындығын



бақылау керек. Қарқынды жүретін реакция аяқталғаннан кейін (2) тамшылағыш құйғыдан тағы да су тамызуға болады. Барлық су сынауыққа (1) өткенде, сынауықты қыздыру қажет. Қандай газ бөлінеді? Оның суда ерігіштігі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.

39-сурет. Сутек иодидін алуға арналған құрылғы

Алынған ерітіндіні лакмуспен сынаңдар. Оның металға (мырыш, магний)

әсерін зерттеңдер. Үш сынауыққа 1 мл-ден сутек йодидін құйып, бірінші сынауыққа натрий мен қорғасын ацетатының ерітіндісін, екіншісіне 1-2 тамшы күміс нитратының ерітіндісін, үшіншісіне мәрмәрдің (кальций карбонаты) кішкене бөлігін салыңдар. Осы тәжірибелерде жүретін барлық процестер үшін реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Сынауыққа калий йодидін аздап салып, оған концентрлі фосфор қышқылын (60%) қосып, жаймен қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазып, оның қалай өтетіндігін түсіндіріңдер.
Фосфор қышқылын күкірт қышқылымен алмастыруға бола ма? Сәйкес тәжірибе жасап, реакция теңдеуін жазыңдар.
Галогенсутектердің ішінде қайсысы күштірек тотықсыздандырғыш болып табылады? Галогенсутектерді олардың беріктігі бойынша қатарға орналастырыңдар. Галогенсутектердің молекулаларының тұрақтылығының олардың иондық және атомдық радиустарына байланысты өзгеруін түсіндіріңдер. Галогенсутектер молекулаларының диполінің шамалары қандай? (Оқулықтан қараңдар).
45 жұмыс. Галогенид иондардың тотықсыздану


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет