2. Азот (ІV) оксидін алу және оның қасиеттері.
а) 43 суреттегідей құрылғы жинаңдар. Ыстыққа төзімді
сынауықты (1) тұрғының қысқышына бекітіп, оны газ шығатын түтігі бар тығынмен жабыңдар. Көксағыз тығынмен жабылған газ шығатын түтікті құрғақ қосымша түтігі бар сынауыққа (2) жалғастырып, оны аздап су құйылған Тищенко шынысауытына (3) қосыңдар. Шынысауытқа газ жинайтын түтікті (4) және 5-ші ыдысты жалғастырыңдар. 2-ші сынауықты мұз және ас тұзының қоспасымен суытыңдар. Осы қоспамен басқа сынауықта дистилденген суды да суытыңдар (алдағы тәжірбелер үшін).
Келіде 4-5 г қорғасын нитратын ұнтақтап, оған 1 г ұсақ құрғақ құм (не үшін?) қосып жақсылап араластырып, 1-ші сынауыққа салыңдар. Сынауықты мықтап жауып, оны алдымен абайлап, кейіннен қатты қыздырыңдар. Тищенко шынысауытындағы су арқылы қандай газ өтетін анықтаңдар. Газ көпіршіктерінің бөлінуі тоқтағаннан кейін қыздыруды тоқтатыңдар. Сынауықта қандай зат түзілді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Заттың түсін анықтаңдар.
б) Ішінде сұйықтық бар сынауықты “а” тәжірибеде сипатталған құрылғыдан шығарып алып, осы сұйықтың аз мөлшерін (тартқыш шкафта) мұздай суы бар сынауыққа құйыңдар. (мұздай суды алдын-ала 1-ші тәжірибеде дайындап қойған болатынсыңдар). Сұйықтықтың түсінің өзгергенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Сұйықтың қалған бөлігін ішінде аздап суы бар (1-2 мл) сынауыққа құйыңдар. Не түзеледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |