2. Жатақханаға орналастыру тәртібі
5. Білім алушыларды жатақханаға орналастыру жұмыстарын жалпы қадағалау оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорға жүктеледі.
6. Білім алушы жатақханадан орын алу үшін өзі оқитын факультет деканатына «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес үлгідегі университет ректорының атына жазылған өтінішті (1-қосымша), жеке куәлік көшірмесін тапсырады. Білім алушының өтінішті тапсыру кезіндегі күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
7. Өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнінен аспауы қажет. Өтініштерді қарау кезіндегі жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
8.Факультет деканы жатақханадан орын беру жөнінде шешім қабылдағаннан кейін оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор мен факультет деканының қолы қойылған жатақханаға орналастыру жөніндегі жолдаманы (2-қосымша) дайындайды.
9. Жатақханадан орын берілгендігі туралы мәлімет 3-қосымшаға сәйкес факультеттегі тіркеу кітапшасында тіркеледі.
10. Білім алушы өтінішті қарау мәселелері бойынша жауапты қызметкерлердің шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін университет ректорына шағымдана алады және шағымды жазбаша түрде береді. Білім алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
11. Білім алушының өтініші қаралып, оған жатақханаға орналасу жөнінде жолдама берілгеннен кейін білім алушы медициналық тексеруден өтіп, жатақхана комендантына өтінішті, жеке куәлік көшірмесін, жолдаманы, медициналық тексеруден өткені туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
12. Тиісті құжаттар тапсырылғаннан кейін білім алушыны жатақханаға орналастыруды комендант жүзеге асырады. Бөлме/төсек-орынды жалға алу туралы білім алушы мен университет әкімшілігі арасында келісімшарт жасалады. Келісімшартта бөлменің нөмірі, жатақханада қалу мерзімі мен ақы көлемі көрсетіледі. Келісімшарт 2 данада дайындалады, біріншісі білім алушыда, екіншісі комендантта сақталады.
13. Жатақханаға орналасу кезінде комендант білім алушыны осы ережемен таныстыруы тиіс.
14. Білім алушылар жатақханаға орналасқаннан кейін әрбір жаңа оқу жылында 10 қыркүйекке дейін университеттің қауіпсіздікті сақтау бойынша жауапты қызметкері білім алушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізуі тиіс.
15. Жатақханадағы орындар алғашқы кезекте жетім балалар, мүгедектер мен ҚР заңнамаларында анықталған өзге де жеңілдіктерге ие тұлғаларға беріледі. Жатақханада орын жетіспеген жағдайда алғашқы кезекте орын алу құқығына ие азаматтардың қатарында жоғары баллы бар (қабылдау емтихандары мен емтихандық сессия қорытындысы бойынша) білім алушылар де кіреді. Оқудағы үлгерімі бірдей білім алушылардың арасында мамандығы бойынша жоғары бағаға ие болғаны алдыңғы кезекке шығады.
16. Жатақханада тұрушыларды тіркеу ҚР заңнамасына сәйкес ішкі істер органдары белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі. Жатақханаға орналасқан білім алушы үш күннен кешіктермей жатақхананың құжатшы қызметкеріне барып тіркеуден өтуі қажет. Тіркеу жұмыстарын факультет деканы қадағалайды және құжатшы қызметкер мен комендант жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |