5.3Навигация функциясы ЭОБ құрылымы бойынша орын ауыстыруға мүмкіндік беру керек.
5.4 Мазмұнын көрсетуді ұйымдастыру функциясы тапсырма орындауды, сұрақтарға жауап беруді және ағымдағы білімін тексеруді қажет етпей ЭОБ мазмұнымен алдын-ала танысуға мүмкіндік беруі қажет.
5.5 Оқу траекториясын анықтау функциясы тестілеу, толық немесе өз таңдауы негізінде оқу сабақтарының ретін құру мен білім тексеруді қамтамасыз ету керек.
1) Өз таңдауы оқу траекториясына өз еркімен модульдерді, блоктарды және тақырыптарды ЭОБ мазмұнындағы номерлерін белгілеу арқылы қосуға мүмкіндік беру керек.
2) Тестілі таңдау оқу траекториясына оқушының ЭОБ оқу материалының барлық көлемі бойынша алынған тестілеу нәтижесіндегі дұрыс жауаптар жеткіліксіз болған барлық модуль, блок және тақырыптарды қосуды қамтамасыз ету керек.
3) Толық таңдау оқу траекториясына автоматты түрде ЭОБ барлық модульдері, блоктары мен тақырыптарын қосуды қамтамасыз ету қажет.
5.6 Оқыту мен тексеру функциясы оқу траекториясы бойынша теорияны зерттеу, тапсырмаларды интерактивті орындау, сұрақтарға жауап беру және ағымдағы, аралық және қорытынды білім тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар егер жинаған дұрыс жауаптар жеткіліксіз болған жағдайда оқушы ағымдағы ЭОБ оқуын қайта өту қажет. Оқу процесінде имитациялы компьютерлік моделдеу функциясы болуы мүмкін.
5.7 Тестілеу функциясы нәтижелерді бекіту немесе бекітпеу мүмкіндігінің көмегімен ЭОБ көлемі бойынша автоматтандырылған тестілеу арқылы бапталатын тестіден өту уақытын шектеуді ескеру керек.
5.8 Статистикалық есеп функциясы сұранысқа байланысты оқушының берілген оқу бірлігін меңгеру дәрежесін және басқа да статистикалық деректерді көрсетуді қамтамасыз ету керек.