2010 ж Парламент Н.Назарбаевты қай статусқа тіркеді?
Елбасы(лидер нации)
2010 жылы 15 маусым күні Қазақстанда билікте отырған елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» (орысша «Лидер нации») деген ресми атақ беру заңмен бекітілді. Заң бойынша, Елбасының бейнесін бүлдіру әрекеттерін жасағандарға айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал баспасөз құралдары арқылы жасалған нақ сол әрекеттер үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Заңда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қол тигізбеу құқығы да атап жазылып, оны бұзғандарға бес жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: |