Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі
Алғашқы медико–санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде:
– АҚөлшеу;
– жалпы несеп талдауы (нәруыз);
– жалпы қан анализы (гемоглобин, тромбоциттер).
Стационар деңгейінде:
– АҚөлшеу;
– ЭКГ;
– жалпы несеп талдауы, тәуліктік несептегі протеинурия;
– жалпы қан талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, ұю уақыты);
– биохимиялыққан талдауы (жалпы нәруыз, креатинин, АлАТ, АсАТ,
мочевина, билирубин);
– коагулограмма;
– нәрестеніңКТГ-сы;
– УДЗ;
– допплерометрия.
Емі
Босану қызметі немесе қағанақ суының босануға дейін кетуі анықталса, жүкті әйелді босану бөліміне жатқызу керек. Акушер-гинеколог анестезиолог-реаниматологпен бірлесе науқастың жағдайына қарай сәйкес бөлімге (жүктілік патология бөлімшесі, қарқында терапия жүргізу палатасы(ҚТЖП)) жатқызуын шешеді. Науқасты кез-келген бөлімге алып бару тек қана сырғымалы төсекпен іске асырылады.
Босану қызметі жоқ ауыр преэклампсия белгілерімен 34-аптаға дейінгі жүкті әйел магнезийлік және гипотензиялық емді бастаған соң III- деңгейлік мекемеге ауыстырылады.
Ауыр преэклампсияның жалғыз нәтижелі емі – тек босандыру болып табылады.