Құрлыс ерекшелігі; Микробүрлер және иіс сезгіш кірпікшелер
Иіс сезгіш эпителий
Иіс сезгіш бездер
Талшықты борпылдақ дәнекер тіні
Сипаттамасы; Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Мұрынға енген шаң тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген сілекей бактерияларды өлтіріп отырады.
Препарат №28
Атауы; Ұлудың аксиальді кесіндісі
Бояуы; Азокармин х 100
Құрлыс ерекшелігі;
Ұлудың сүйекті қабырғасы
Ұлудың жарғақты өзегі
Вестибулярлы саты
Иірімді ганглий
Дабыл сатысы
Вестибулярлы мембрана
Тамырлы жолақ
Иірімді байлам
Базилярлы мембрана
Сипаттамасы; Ұлу – кіреберістің алдыңғы жағынан басталып, екі жарым иірім жасап аяқталады. Иірімніің қуысында спиральды пластинка жатады. Ұлу қуысы екі сатыға бөлінеді:Жоғарғы бөлігін “кіреберіс сатысы”.Төменгі бөлігін – дабыл сатысы Кіреберіс сатысы кіреберістен басталады, дабыл сатысы жарғақпен жабылған ұлу терезесінен басталады.Жарғақты лабиринт –жұқа дәнекер ұлпасы жарғақтан түзілген, ол сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Жарғақты лабиринттің ішінде эндолимфа сұйықтығы жатады, сүйекті лабиринт пен жарғақты лабиринттің аралығында перилимфа сұйықтығы жатады.