Препаратты енгізудің энтеральды және сыртқы жолдары Дәрі дәрмекті енгізудің энтеральды әдісі



Дата25.11.2022
өлшемі11,22 Kb.
#159882
Байланысты:
Препаратты енгізу-WPS Office


Препаратты енгізудің энтеральды және сыртқы жолдары


Дәрі дәрмекті енгізудің энтеральды әдісі.
Энтеральды-дәрілік түрдің(ұнтақ,таблетка,капсула және пилюла турiнде) ауыз қуысы арқылы ағзаға түсуін қамтамасыз етеді және қарапайым және ыңғайлы жолы болып табылады. Ағзаға энтеральды енгізу кемшіліктері: oo Iшек арқылы енгiзгенде қанда д.т. сiңiрiлуi есептелген мөлшерге сай келмейді Кейбiр д.т. ішекте және бауырда ыдырайды,сондықтан олар өз белсенділігін жоғалтады
Ішке дәрілер ауыз арқылы (рer os), тiк ішекке (per retum) және тіл астына (sub linqua) енгiзiледi. Бұл тәсiлдердiң көмегімен жергiлiктi, резорбтивті және рефлекторлы әсер беруге болады.
Дәрілерді көбінесе ауыз арқылы енгiзу колданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы онын карапайымдығында, дәрілерді әртүрлі формада залалсызданбаған түрінде енiзуге олатындығында. Оның кемшіліктері:
1. Дәрінің жалпы қан айналымына баяу түсуі (асқазанның толуына, қабылданған ас сапасына, дәрілердің сіңірілу қабілетіне байланысты). Асқазанның шырышты қабаты арқылы сіңірілу де баяу жүреді, тек майға еритін заттар ғана сiңiрiледi, және сiңiрiлу үрдiсi негiзiнде ішекте өтеді. Бірақ дәрілік затгардың қанға баяу түсуі әрқашан кемшілік болып табылмайды. Мысалы, ішке бiр рет қабылдағаннан кейін жалпы қан айналымына ұзақ уақыт бірқалыпты түсуі үшін арнайы жасалынған дәрілік формалар болады.
Тамақтық заттармен өзара әрекеттесуінің және бауырдағы химиялық өзгерістердің нәтижесінде асқазан мен ішек сөлдерінің әсерінен дәрілердің ыдырауға дейін өзгеруі (адсорбция, еру, химиялық реакциялар). Бұл барлық дәрілер үшін дұрыс бола бермейді. Мысалы, кейбiр дәрілік заттар белсенді емес түрінде шығарылады, олар бауырда өзгеріске ұшырағаннан кейін ғана әсер ете бастайды. Мысалы, гипотензивті препарат эналаприл (ренитек) әсер ету үшін алдымен бауырда өзiнiң белсенді түріне (эналаприлат) ауысуы керек.
Заттың сіңірілу жылдамдығының жэне сіңірілген мөлшерiнiң белгiсiз болуының себебінен дәрінің қандағы және тіндердегі мөлшерін анық білуге мүмкіндік жоқ. Бұл теріс әсерді азайту үшін дәрілерді ас алдында қабылдайды (асқазанның шырышты қабатын тітіркендіретін дәрілерден басқаларын), капсулаға салу аркылы асқазан сөлінің әсерінен қорғайды, он екі елі ішекке зонд арқылы енгiзедi.
Ауыз арқылы дәрiлер ұнтақ, таблетка, пилюля, ерітінді, тұнба (сулы және спиртті), қайнатпа, экстрактар, микстуралар (қоспалар) түрінде енгiзiледi.
Дәрілерді тік ішекке енгізудің мынандай артықшылықтары бар:
1. Тез сiңiрiлуi және мөлшерлеудiң туралығы
2.Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және, дәрi төменгi геморраидальды кек тамырлар арқылы сіңіріліп,бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі
3. Бұл тәсіл құсудың болуының, өңештің тарылуының, жұтынудың бұзылуының салдарынан ауыз арқылы кабылдай алмайтын науқастарға, дәріні қабылдаудан бас тартқан, қозу жағдайындағы (сандырақтап жатқан) психикалык сырқаттарға дәріні енгізуге мумкiндiк береді. Мұндай кезде тыныштандыратын заттарды дәрілік клизмамен енгізу қозумен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді.
Тік ішекте ферменттердің болмауы бұл тәсілдің артықшылығы ғана болып коймай, оның кемшілігі де болып табылады, өйткені белоктық, майлық, полисахаридтік кұрамды дәрілер ферменттердің қатысуынсыз ішектің кабырғасы арқылы өте алмайды, және олар жергiлiктi әсер ету мақсатында колданылуы мүмкін.
Дәріні тіл астына салғанда тез сiңiрiледі, аскорытатын ферменттермен бұзылмайды және бауырға соқпай жалпы қан айналу шеңберіне түседі. Бірақ мұндай тәсілді тек аздаған мөлшерде колданылатын дәрiлердi енгiзу үшін пайдалануға болады (нитроглицерин, кейбір гормондар).
Энтеральді енгізу жолдары – ас қорту жолдары арқылы: пероралді peros– ауыз қуысы арқылы. Әсер ету 30-60 мин. кейін басталады. Кейбір дәрілік заттар асқазан сөлінің әсерінен өзінің тиімділігін төмендетеді. Бауыр арқылы өтіп, қанға барады. Тез арада әсер ету керек болған жағдайда бұл әдіс тиімді емес. Асқазандағы астың да әсері болуы мүмкін. Дәрілік заттың белсенділігі азаяды.

Реферат

ТАҚЫРЫБЫ

Препаратты енгізудің энтеральды және сыртқы жолдары


Дәрі дәрмекті енгізудің энтеральды әдісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет