Өзін-өзі тәрбиелеуде жігерлІ адамның арманы пайдалы роль атқаруы, ал оның бейнесі — өзін-өзі тәрбиелеудің жарык, жұлдызындай болуы мүмкін. Мұндай арман әсіресе жастарға тән. Өз еркін тәрбиелеуде Суворовтық, Рахметовтың бейнелері әркімге-ақ бағытбағдар бере алады.Суворовтың өзің-өзІ тәрбиелеу арқылы тамаша нәтижеге жеткенін еске түсірелікші. Туғаннан дәрменсіз, әлсіз болған ол күнделікті салқын суға шомылуы, үнемі дене жаттығуларымен, гимнастикамен шұғылдануы нәтижесін-де шынығып қана қоймай, ауруды да, еркін күшін дамытты.Ерікті дамыту кәсіптік мұғалімдік қьгзметте табысқа жетуге, адамдармен қарым-қатынасқа, өз бетімеи білім алуға, шет тілін үйренуге бағытталуы мүмкін.
ӘрбІр адамда шамалы және уақытша өз мақсатымен қоса, өмірінде бір үлкен, өзіндік мақсаты да міндетті түрде болуы тиіс, сонда сәтсіздік тәуекелі мүлде сирек ұшырасады.Кез келген мақсатқа жету үшін ақырғы, түпкі мақсатқа жетуді көре, сезе білуге жәрдемдесетін сатыларды, жекелеген нәтижелер мен міндеттерді белгілеген тиімді. Әрине, мақсатты дұрыс қою үшін өз мүмкІндігіңді, өзінің күшті және әлсіз жақтарынды білуің, өзіне-өзің талдау жасауын қажет. Мұның өзі кызғылықты әрІ өнегелі іс. Алайда қорытынды жасауға асықпаған жөн. Өзін-өзі тануға езіңді бІреумен салыстыру да жор-демдеседі. Жәнеде мұндай салыстыру өте табиғи, үлгі аларлық, әрі қызғылықты. ТіитІ өте қызғылықты. Өйткені адам әрдайым әуестенуші жан.
Өкінішке орай, көптеген адамдар өзінде, өзінід шәкіртінде және маңайындағы жандарда қаншалықты қызғылықты жайттар бар екендІгІн біле бермсйді.Өзі туралы кәбірек ойлаудың өзіне өзі есеп берудің, әсіресе өз мінез-құлқыңды танудың және түзетудің айрықша манызы бар. Мұның мәнісі сол, өзіңді өзің тәрбиелеу жөніндегі мақсатың мен міндетІнді өзіңнің нақты мінез-құлқыңмен салыстыру. Мәселен, ұстамды, сабырлы болғысы келген студент сабақ жүріп жатқан кезде өзіне қабылдаған міндеттеменің қаншалықты орындалғанын үнемі салыстырып, талдап отырады,— өзіне есеп бередІ.Бұрыннан келе жатқан мынадай кеңес бар: өзара талас кезінде өзінді дұрыс бақылау үшін әуелі ішіңнен онға дейін санап ал, тек содан кейін ғана талқылауға қатысып, өз ойынды дәлелдеуге кіріс. Олай дейтін себебІ, осы аралықта сезім біраз бәсеңдеп, адам өзі туралы байыппен ойланады.