Этиологиясы: ұзақ уақыт ішімдік ішу,алкогол сурагаттарын қолдану,соматикалық айқын патология,бас миының органикалық бұзылысы.
Клиникасы: Алғаш делирий 7-10 жыл алкоголді қолданғаннан кейін туады. Алкоголді делирий әдетте,алкоголді абстинентті синдром жоғары шыңына жеткенде дамиды,көбіне кешкі не түнгі уақытта. Делирийдің ерте көріністері:мазасыздық,бір орында отыра алмау,айқын тревога,тұрақты ұйқысыздық.
Симпатоадреналды жүйенің қозуында пайда болатын көріністер:тері жамылғысының бозаруы,жиі ісіну,тахикардия,АГ,гипергидроз, гипертермия. Вегетативті бұзылыстар: атаксия,бұлшықет гипотониясы, гиперрефлексия,тремор. Су-электролит алмасуының бұзылысы:сусыздану,гиперазотемия,метоболиттік ацидоз. Қан өзгерістері: лейкоцитоз,лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы,ЭТЖ жоғарылауы,билирубин жоғарылауы.