Мейіргер емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн. Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
Науқас адамдарды күту және оның маңызы.
Науқастарды күту-емдеу, аурудың алдын алу, гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық, ауыр науқастардың жағдайын жеңілдетуге, тездетіп жазылуына, асқынулардың алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы.
Жуындыру,тамақтандырутерісін, ауыз-қуысын күту керек, уақытымен төсегін іш киімдерін ауыстыру басқа гигиеналық шараларды іске асыру.
Дәрілерді тарату,оларды ішкізу, иньекция жасау, клизма жасаунауқастарды аспаппен т ексеруге дайындау, жағдайын бақылау.
Жалы күтуге кез келген науқасты күту жатады.
Науқастарды күту жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Арнайы күтуге: хирургиялық, терапиялық, урологиялық күту жатады.
Мейірбике үшін қол жуу маңыздылығы
Ауруханаішілік инфекция жұқтырудың алдын алу мақсатында медициналық қызметкер бөлімшедегі эпидемияға қарсы режиммен танысып, қызметтік міндетін атқару кезінде санитарлық талаптардың орындалуына көңіл бөлуі керек.
Ем-шаралар (процедура)
Қолды тазалаудың үш деңгейі бар: әлеуметтік, гигиеналық (қолды залалсыздандыру), хирургиялық (белгілі уақытқа қол стерилдігіне қол жеткізу);
1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу
2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу(антисептик қолдану)
3. Қолды хирургиялық дезинфекциялау (антисептик қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |