Улы және қатты әсер ететін дәрі-дәрмек заттар ерекше жағдайларда сақталады. Оларға ішкі қабырғасына сақтауға жататын дәрілік заттардың тізімі ілінген шағын сейфтер арналады. А шкафында улы заттар (нарко-тиктер, стрихин, мышьяк), ал Б шкафында қатты әсер ететін заттар (кодеин, адрёналин, ұйқы дәрілер) болады. Улы және қатты әсер ететін дәрілерді жұмсауды есепке арналған жіп өткізілген, беттері нөмірленген екі дәптері болады, ол емдеу мекемесінің күкірт мөрімен бекітілген. Улы және қатты әсер ететін дәрілер, сондай-ақ олардың есебін жүргізетін дәптердің сақталуына толықтай кепілдік болатын жағдай тудыруға тиіс. Улы және қатты әсер ететін заттарды дұрыс сақтамағаны және ұрланғаны үшін медициналық қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.. Ампулаға құйылмаған зарарсызданған ерітінділер 3 күннен артық сақталмайды, олар тіпті аузы ашылмаған болса да, төгіп тасталынады. Дәрі-дәрмек заттардың бұзылуының белгісі — беткі түрінің бұзылуы, қабыршық-тануы, түсі мен иісінің өзгеруі т. б.