- өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипертониялық түрінде өт жолдарының біріңғай бұлшық еттерін босаңсытатын препараттар: М-холиноблокаторлар (атропин, платифиллин), миотропты спазмолитиктер (папаверин, но-шпа), өсімдіктерден алынған препараттар (холагол, олиметин) қолданылады. Бұл препараттар өт-тас ауруларында, ауырсыну түйілуін басу үшін белгіленеді.
Rp.: Sol. Atropini sulfatis 0,1 % 1 ml
Da tales doses. N. 6 in ampull.
Signa. По 0,5-1 мл вводить под
кожу 1-2 раза в день.
Холелитолитикалық дәрілер – өт қалтасындағы тастарды ерітеді: хенодезоксихол қышқылы (хенодиол, хенофальк), урсодезоксихол қышқылы (урсофальк, урсосан) - 0,25 капс. тек қана түнде қабылдау қажет, себебі өт холестеринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырда холестерин синтезін бұзып, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді. Препараттарды ұзақ 6 айдан 2 жылға дейін қабылдау қажет.
Rp.: Ursu ( Ursosani-Ursofalci) 0,25 №100
Da. Signa. 10 мг /кг тәулігіне 2-3-5 капсуладан
Іш жүргізетін дәрілер
а) Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін қш жүргізетін дәрілер
в) Ішек құрамының көлемін үлкейтетін дәрілер
б)Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер
г) Нәжісті жұмсартатын дәрілер
Достарыңызбен бөлісу: |